Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Астанада 4 ел құрамаларының матчтық кездесуі аяқталды

19 Ақпан, 2014

 Бүгін Астанада 4 ел құрамасының матчтық кездесуі 7:3 есебімен ресей командасын қазақстан боксшыларының жеңуімен аяқталды.

 Ресейліктермен айқасты нық сеніммен өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеткен, қазақстандық боксшылар Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг) және Закир Сафиуллин (60 кг). Сағадат Рахманқұлов (69 кг), Дәурен Елеусінов (81 кг) және Антон Пинчук (91 кг) айқастарын 2:1 есебімен жеңіп шықты. Нұржан Бекзатов қарсыласы келмеуіне байланысты жеңіске жетті – ресей жаттықтырушылары 91 кг салмақ категориясында қатысушы әкелмеген.

Жарыстың соңғы күнінің күндізгі сессиясында Өзбекстан өкілдері Ұлыбритания құрамасын 8:2 есебімен жеңді.

Осылайша, қазақстан командасы барлық 3 кездесуде де жеңіске қол жеткізді. Өзбек құрамасының қоржынында екі жеңіс, ресейліктерде – біреу, ал Ұлыбритания өкілдері барлық матчтарда жеңіліп қалды.

 

Айқастар қорытындылары

 

Өзбекстан - Ұлыбритания

 

Ресей – Қазақстан

Наверх