«Астана арландары» клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының топтық кезеңін жеңіспен аяқтады. Алматыда Польша боксшыларын қабылдаған «арландар» қарсыластарын 4:1 есебімен жеңді.
Алматыда өткен жекпе-жекте 52 келі салмақта өнер көрсеткен Ілияс Сүлейменовтан басқа төрт боксшымыз «арландардың» сапындағы алғашқы жекпе-жектерін өткізді. Бұған дейін хабарлағанымызда
Шарша алаңға бірінші болып көтерілген 52 келі салмақтағы Ілияс Сүлейменов Гжегорж Козловскимен жұдырықтасты. Алғашқы раундтан-ақ жекпе-жек тізгінін өз қолында ұстаған Ілияс поляк боксшысына ешқандай мүмкіндік берген жоқ. Тіпті соңғы раундта Ілияс шабуылын үдете түсіп, Козловскиге қорғанудан басқа мүмкіндік қалдырған жоқ. Осылайша, қапталдағы төрешілерден жоғары баға алған отандасымыз «арландарға» алғашқы жеңісті әкелді. Қорытынды есеп – 50:44, 50:45, 50:43. «Астана арландары» 1:0 есебімен алға шықты.
Бұдан кейін рингке Ғани Жайлауов, Данияр Елеусінов және Әділбек Ниязымбетовтер кезек-кезегімен көтерілді. 60 келі салмақтағы Ғани Жайлауов Давид Павел Михелусты ұтса, 69 келі салмақтағы Данияр Елеусінов Жора Симонянды сабасына түсірді. 81 келі салмақтағы Әділбек Ниязымбетов Казюж Зыциньскидің осал тұсын тапты. Баса айта кетерлік жайт, Бүкіләлемдік бокс сериясындағы алғашқы жекпе-жектерін Данияр мен Әділбек өте жоғары деңгейде өткізді. Оны біз төрешілердің де берген бағаларынан-ақ байқауға болады.
Данияр Елеусінов – Жора Симонян – 50:43, 50:44, 50:42;
Әділбек Ниязымбетов – Казюж Зыциньски – 50:40, 50:41, 50:43.
Өкінішке қарай, аса ауыр салмақтағы (+91 келі) Армен Симонян командаластарыны
Бүкіләлемдік бокс сериясының топтық кезеңі «Астана арландары» үшін аяқталғанымен басқа командалар үшін әлі мәресіне жеткен жоқ. Мәселен, А тобында шешімін таппаған үш жекпе-жек бар. Атап айтсақ, Германия – Украина, Алжир – Италия және Украина – Алжир боксшылары арасындағы кейінге қалдырылған кездесулер өтеді. Сондай-ақ, В тобында Куба мен Ресей боксшылары да жекпе-жектерін өткізген жоқ. Егер бұл жекпе-жекте ресейліктер жеңіске жететін болса, онда олар Әзірбайжан боксшыларын басып озып, турнир кестесінің үшінші сатысына көтеріледі. Кейінге қалған жекпе-жектердің қай күні өтетінін Бүкіләлемдік бокс сериясының басшылары алдағы уақытта белгілейтін болады.
«Арлан-ақпарат»