Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Оқиғалар, жетістіктер, тарихы


Республиканың бокс федерациясы 1941 жылы негізі қаланған, республикалық бокс секциясы негізінде, 1959 жылы құрылған.


1992 жылы Қазақстан бокс федерациясы АИБА мүшесі болды және Бокстан Азия конфедерациясының мүшелігіне кірді.


2009 жылдан Қазақстан бокс федерациясының президенті болып Т.А.Құлыбаев тағайындалды.


2012 жылғы 21 наурызда АИБА-ң штаб-пәтерінде (Лозанна қаласы, Швейцария) өткен AIBA Professional Boxing (APB) Атқарушы бюросының бірінші мәжілісінде АРВ бойынша АИБА вице-президентіне Т.А.Құлыбаевты тағайындау туралы шешім бірауыздан қабылданды, сонымен бірге Қазақстан бокс федерациясының президенті АИБА-ң атқарушы комитетінің мүшесі болды.

 

 

1933 ж.
  • Бокстың бірегей маманы – Қазақстандағы бокстан бірінші спорт шебері Шохра Бөлтекұлының бастамасымен бокс Алматыда келесі спорт ұйымындарында дамыды: «Динамо», «Спартак», «Медик» және Қарағанды қаласында «Угольщик» спорт ұйымы.
1937 ж.
  • Алғаш рет Алматы қаласында 3 спорт ұйымынан 50 боксшы қатысқан жеке-командалық біріншілік өткізілді.
1941 ж.
  • Бокстан бүкілодақтық секция құрамына кіретін, бокстың республикалық секциясы құрылды.
1946 ж.
  • Бокс республикада жаппай дамыды, қазақ жастары арасында маңызды орын алды. Осыған әсер еткен-жаттықтырушылар «Динамода» Дәулеткерей Муллаев пен «Спартакта» Шохр Бөлтекұлы. Жағымды және ерекше боксшылар жаттықтырушы А.Инфланданың басшылығымен дайындалды.
1947 ж.
  • ССРО чемпионатында Махмут Омаров 3-орынды, ал Асқар Үсенов 4-орынды иеленді. Бұл қазақстандық боксшылардың бірінші бүкілодақтық жетістігі еді.
1953 ж.
  • Геннадий Рожков ССРО чемпионатының жеңімпазы және Бухаресте өткен Жастар мен студенттердің бүкіләлемдік фестивалі шеңберіндегі жарыстардың қола жүлдегері, ол қазақстандық боксшылардың ішінен шетелде өткен жарыстарға ең алғаш рет қатысушы. Осы жылы Варшавада (Польша) өткен Еуропа чемпионатына қатысу үшін ССРО құрамысының құрамына кірді.
1954 ж.
  • Игорь Иванов ССРО чемпионатының жеңімпазы болды
1956 ж.
  • Виктор Каримов ССРО чемпионатының қола жүлдегері және ССРО халықтары І спартакиадасының қола жүлдегері болды
1957 ж.
  • Абдысалан Нұрмаханов ССРО чемпионатының жүлдегері болды.
1959 ж.
  • 1941 жылы құрылған бокс секциясынан Республиканың бокс федерациясы болып қайта құрылды, және ССРО бокс федерациясына кірді.   
  • Қазақстанның боксшылары ССРО халықтары спартакиадасында алғаш рет еліміздің төртінші командасы ретінде, РСФСР, Мәскеу мен Ленинградтан кейін, өздерін көрсетті.
  • Анатолий Кадетов ССРО халықтары Спартакиадасының жеңімпазы және ССРО чемпионы, ал Абдысалан Нұрмаханов – қола жүлдегер атанды.  
1960 ж.
  • Виктор Каримов ССРО чемпионы болды
1962 ж.
  • Владимир Каримов пен Абдысалан Нұрмахановтар ССРО чемпионатының финалистері атанды.
1963 ж.
  • Абдысалан Нұрмаханов Азия, Африка және Латын Америкасында (ГАНЕФО ойындары) Джакартта жеңімпаз атанды. Ол Дания, Венгрия, Батыс Германия мен бас да елдердің рингінде жетістікке жетті. ССРО чемпионаттарында екі күміс және үш қола медалін жеңіп алды. 1968 жылы Қазақстанның алғашқы спортшы-боксшысына ССРО-ның еңбегі сіңген шебері атағы берілді.
  • Юрий Селиверстов пен Анатолий Кадетовтер ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
1964 ж.
  • Владимир Каримов ССРО чемпионы атанды.
1965 ж.
  • Владимир Каримов ССРО чемпионатының финалисті болды, ал Виктор Минаков ССРО чемпионатының қола жүлдегері атанды.
1967 ж.
  • Виктор Минаков пен Абдысалан Нұрмахановтар ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
1968 ж.
  • Марат Жақсыбаев, Борис Кошевин, Юрий Селиверстов пен Виктор Минаковтар ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.   
1969 ж.
  • Жандос Кукумов пен Абдрашит Абдрахманов ССРО-АҚШ бірлесіп Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізген бірінші жарысына қатысты.
  • Жандос Кукумов пен Абдрашит Абдрахманов ССРО чемпионатының финиалистері атанды.
1970 ж.
  • Абдрашит Абдрахманов ССРО чемпионы болды.
1971 ж.
  • Абдрашит Абдрахманов ССРО-ң екі мәрте чемпионы атағын жеңіп алды, ал Анатолий Торопов ССРО чемпионатының қола жүлдегері болды.
1971 ж.
  • На V Спартакиаде народов СССР Олег Гуров выиграл звание чемпиона, Жандос Кукумов пен Анатолий Тороповтар екінші орынды, ал Юрий Хрянин, Виктор Гребенюк, Абдрашит Абдрахманов пен Марат Жақсыбаевтар қола медалдарымен марапатталды. Команда ССРО-да тағы да 5-ші орынға көтерілді.
1972 ж.
  • Анатолий Торопов ССРО чемпионатының финалисті атанды.
1974 ж.
  • Анатолий Торопов ССРО чемпионы атағын алса, Бахтай Сапеев ССРО чемпионаты атанды, ал Василий Плакущий мен Леонид Тілеубаевтаар ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері болды.
1975 ж.
  • ССРО халықтарының VI Спартакиадасында (Ташкент қаласы) – 5-ші командалық орынды иеленді.
  • Василий Плакущий мен Александр Шевченко ССРО чемпионатының финалистері болса, ал Төлеуғазы Тұрсынқанов ССРО чемпионатының қола жүлдегері атанды.
1976 ж.
  • Валерий Рачков ССРО чемпион болса, ал Василий Плакущий, Бахтай Сапеев пен Болат Әсембаевтар – ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
1977 ж.
  • Валерий Рачков ССРО чемпионы болды, ал Василий Плакущий – ССРО чемпионатының финалисті, Александр Стрельников – ССРО чемпионатының қола жүлдегері атанды.
1978 ж.
  • В. Рачков алғашқы қазақстандық босшы - әлем чемпионы (Белград, Югославия).
  • Валерий Рачков ССРО чемпионы болды, ал Василий Плакущий мен Виктор Демьяненко – ССРО чемпионатының финалистері атанды, Қайрат Бөкенов – ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
1979 ж.
  • ССРО халықтарының VII Спартакиадасында (әртүрлі қалаларда) – 3-ші командалық орынды иеленді, ал Спартакиада чемпионы Камиль Сафин болды.
  • Виктор Демьяненко ССРО чемпионы болса, ал Серік Нұрқазов – ССРО чемпионатының финалисті, Серік Қонақбаев – ССРО чемпионатының қола жүлдегері атанды.
  • Серік Қонақбаев пен Виктор Демьяненко Кельн қаласында (Германия) Еуропа чемпиондары болы.
  • С. Қонақбаев Нью-Йорк қаласында (США) әлем кубогын жеңіп алды.
1980 ж.
  • Виктор Демьяненко мен Серік Қонақбаевтар ССРО чемпиондары атанды, Серік Нұрқазов – ССРО чемпионатының финалисті атанды.
  • Олимпийада ойындарында Мәскеуде Серік Қонақбаев пен Виктор Демьяненколар күміс медаль иегерлері атанды.
1981 ж.
  • С. Қонақбаев Монреал қаласында (Канада) Әлем кубогын жеңіп алды.
  • Серік Нұрқазов Еуропа чемпионатында Тампере қаласында (Финляндия) қола медалін алды және Монреале қаласында (Канада) әлемдегі ең үздік әуесқой-боксшы атанды.
  • Игорь Михайлов, Елеусіз Дүйсеков пен Берік Нұрмағамбетовтер ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
1982 ж.
  • Серік Нұрқазов ССРО чемпионы болды , ал Елеусіз Дүйсеков – ССРО чемпионатының финалисті, Александр Черепанов – ССРО чемпионатының қола жүлдегері атанды.
1983 ж.
  • ССРО халықтарының VIII Спартакиадасында (Мәскеу қ.) – 2-ші командалық орынды иеленді, Эрик Хакимов, Виктор Демьяненко Спартакиада чемпиондары болды.
  • Серік Нұрқазов Варне қаласында Еуропа чемпионатын жеңіп алды, ал Каримжан Абдрахманов, Рашид Кабиров, Виктор Демьяненко мен Александр Мирошниченколар үшінші орынды иеленді.
  • Әлем Кубогінде Рим қаласында (Италия) Серік Нұрқазов пен Бейбіт Есжановтар екінші орындарды иеленді.
  • Виктор Демьяненко мен Эрик Хакимовтар ССРО чемпиондары ССРО халықтарының VIII Спартакиадасының жеңімпаздары болды, Александр Черепанов пен Жұматай Түсіпов – ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
  • Рашид Кабиров ССРО чемпионатын ұтып алып, ССРО халықтарының VIII Спартакиадасы финалисті атанды.
1984 ж.
  • «Дружба» халықаралық турнирінде Гаванада Кәрімжан Абдрахманов пен Серік Нұрқазовтар күміс жүлдегерлер атанса, Серік Қонақбаев пен Асылбек Қилымов ССРО чемпиондары болды, ал Серік Қонақбаев үшінші орынды иеленді.
  • Кәрімжан Абдрахманов, Серік Нұрқазов, Серік Қонақбаев пен Асылбек Қилымовтар ССРО чемпионы болды, ал Бейбіт Есжанов, Александр Черепанов, Виктор Демьяненко және Эрик Хакимовтер – ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
1985 ж.
  • Кәрімжан Абдрахманов Будапешт қаласында (Венгрия) өткен Еуропа чемпионатында және Сеул қаласында (Корея) өткен Әлем кубогінде үшінші орындарды иеленді,
  • Кайрат Ғалымтаев пен Игорь Ружников – ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
1986 ж.
  • ССРО халықтарының IX Спартакиадасында (Мәскеу қаласы) – 2-ші командалық орын, Спартакиада чемпионы – Игорь Ружников болды .
  • Серік Нұрқазов үшінші рет Совет Одағының чемпионы атағын жеңіп алды, ал Асылбек Қилымов – ССРО чемпионатының финалисті атанды.
  • Бейбіт Есжанов ССРО чемпионы, ал Амзалы Ақылбаев – ССРО чемпионатының финалисті болды.
  • Мәскеу қаласында өткен І Еркіндік ойындарының жеңімпазы - Игорь Ружников, ал Кәрімжан Абдрахманов пен Александр Мирошниченко күміс жүлдегерлері атанды.
  • Александр Мирошниченко ССРО чемпионы болса, ал Эрик Хакимов ССРО чемпионатының финалисті болды, Игорь Ружников – ССРО чемпионатының қола жүлдегері атағын жеңіп алды.
  • Кәрімжан Абдрахманов ССРО кубогінің иегері және ССРО чемпионатының қола жүлдегері атанды.
1987 ж.
  • Бейбіт Есжанов пен Игорь Ружниковтар ССРО чемпионатының финалистері атанып, ал Серік Нұрқазов – ССРО чемпионатының қола жүлдегері болды.
1988 ж.
  • Александр Мирошниченко ССРО чемпионы болды, ал Эрик Хакимов – ССРО чемпионатының финалисті атанды, Валентин Юнусов, Игорь Ружников және Талғат Бердыбеков – ССРО чемпионатының қола жүлдегері атанды.
  • Сеулде (Корея) өткен олимпиада ойындарында Александр Мирошниченко қола медалді жеңіп алды.
1989 ж.
  • Мәскеуде өткен Әлем чемпионатында И.Ружников чемпион атанды, ал Александр Мирошниченко күміс медальды жеңіп алды.
  • Игорь Ружников Афиныда өткен Еуропа чемпионатын және ССРО чемпионатын жеңіп алды.
  • Александр Мирошниченко ССРО чемпионы және Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.
  • Есболат Нұрманов ССРО чемпионатының финалисті атанды. Мереке Жүсіпов, Валентин Юнусов, Марат Жакиев, Талғат Бердыбеков және Серік Өмірбековтер – ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
1990 ж
  • Кәрімжан Абдрахманов ССРО чемпионатын ұтып алды. Нұрлан Қалыбаев, Вадим Присяжнюк, Игорь Шишкин және Михаил Юрченколар ССРО чемпионатының финалистері болса, Мереке Жүсіпов, Есболат Нұрманов, Жұматай Түсіпов және Серік Өмірбеков – ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
1991 ж.
  • ССРО халықтарының X Спартакиадасында (Минск қ.) – 1-ші командалық орынды, Спартакиада чемпиондары: Болат Теміров, Қанатбек Шағатаев, Игорь Шишкин, Николай Кульпин.
  • Болат Теміров ССРО чемпионы болды, ал Бектас Абубакиров пен Мереке Жүсіпов – ССРО чемпионатының финалистері, Николай Кульпин – ССРО чемпионатының қола жүлдегері.
1992 ж.
  • Болат Жұмаділов, Болат Теміров пен Михаил Юрченко ТМД чемпиондары, ал Мереке Жүсіпов, Аркадий Топаев и Николай Кульпин – ТМД чемпионатының финалистері, Самат Мұсатаев – қола жүлдегер.
  • Қазақстан бокс федерациясы АИБА мүшесі болды және Азия бокс конфедерацияясының құрамына кірді.
1993 ж.
  • Тампер қаласында (Финляндия) өткен чемпионатта В. Жиров қола медальға ие болды.
  • «Европа бокс мэгэзин» AIBA журналы Цхвирашвили Борис Семеновиті әлемнің таңдаулы төрешісі атағын берді. Мәскеудегі (1980 ж.), Атлантта (АҚШ, 1996 ж.) өткен Олимпиада ойындарында төрешілік жасады, Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында қазылар алқасының мүшесі болды (2000 ж.).
1994 ж.
  • Бангкоктағы (Таиланд) Әлем кубогінде А. Топаев алтын медаль алды, ал К. Шағатаев – күміс, Б. Ниязымбетов пен В. Шторм қола жүлдегерлері атанды.
1995 ж.
  • Берлин қаласында (Германия) өткен әлем чемпионатында Б. Жұмаділов күміс медальді иеленсе, В. Жиров – қолаға ие болды.
1996 г.
  • Атланта өткен Олимпиада ойындарында сынға түскенде Қазақстанның құрамасы 4 медальді жеңіп алып, үздік нәтижелерге жетті (1 алтын, 1 күміс, 2 қола) және Куба мен АҚШ-тан кейін 3-ші орынды иеленді. Ең үздік нәтижеге жеткен Василий Жиров (81 кг) болды, ол аолимпиада чемпионымен бірге Олимпиада ойындарының –Олимпиада тарихында әлемнің 8 елінің боксшылары иеленген Вэла Баркер кубогінің иегері болды. Атлантадағы Олимпиадада Болат Жұмаділов күміс медальмен, Ермахан Ибраимов пен Болат Ниязымбетовтер –қола алды.
1997 ж.
  • Будапештегі (Венгрия) Әлем чемпионатында Ермахан Ибраимов күміс медаль алса, ал Б. Жұмаділов – қола алды.
1998 ж.
  • Пекинде (Қытай) өткен әлем кубогінде Е. Ибраимов қола медальға ие болды.
  • Бангкоктағы (Таиланд) Азия ойындарында М. Ділдәбеков пен Е. Ибраимовтар жеңімпаз атанды.
1999 ж.
  • Хьюстон қаласындағы (США) әлем чемпионатында Б. Жұмаділов алтын медальға лайықты деп танылды, Мұхтархан Ділдәбеков күміс, ал Е. Ибраимов – қола медальға ие болды.
2000 ж.
  • Сиднейде өткен Олимпиадада Қазақстан құрамасы 2 алтын және 2 күміс медальға ие болды. Олимпиада ойындарының чемпиондары Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов болды. Күміс медальдарды Болат Жұмаділов пен Мұхтархан Ділдәбеков алды.
2001 ж.
  • Белфасте (Солтүстік Ирландия) өткен әлем чемпионатында Галиб Джафаров күміс медальға ие болды.
2002 ж.
  • Пусанадағы (Корея) Азия ойындарында Геннадий Головкин мен Нұржан Кәрімжанов жеңімпаз атанды. Мұхтархан Ділдәбеков күміс медальға ие болды.
2003 ж.
  • Бангкоктегі (Таиланд) әлем чемпионатында Ж. Жафаров пен Ж. Головкин алтын медальді жеңіп алды.
2004 ж.
  • Афинадағы Олимпиада ойындарында Бахтияр Артаев олимпиада чемпионы болды және қазақстан боксының тарихында Василий Жировтан кейін екінші, бокстағы ең беделді олжа – Вэла Баркера кубогіне лайықты деп танылды. Афинада Геннадий Головкин күміс медальді, ал Серік Елеуов –қолаға ие болды.
2005 ж.
  • Мяньянгте (Қытай) әлем чемпионатында С. Сәпиев пен Е. Жаңабергенов алтын медальды жеңіп алды, Б. Жақыпов, М. Сәрсембаев пен Б. Артаев қола жүлдегері атанды.
2006 ж.
  • Дохе қаласындағы (Катар) Азия ойындарында Бахыт Сәрсекбаев алтын медальді жеңіп алды. Бахтияр Артаев, Мұхтархан Ділдәбеков – күміс медаль иелері. Галиб Жафаров, Серік Сәпиев пен Дмитрий Готфрид – қола медаль иелері.
  • Нингбо қаласындағы (Қытай) әлем чемпионатында Назгүл Боранбаева ІІІ орынды иеленді.
2007 ж.
  • Дохе қаласындағы (Катар) Азия ойындарында Бахыт Сәрсекбаев алтын медальді жеңіп алды. Бахтияр Артаев, Мұхтархан Ділдәбеков – күміс медаль иелері. Галиб Жафаров, Серік Сәпиев пен Дмитрий Готфрид – қола медаль иелері.
  • Нингбо қаласындағы (Қытай) әлем чемпионатында Назгүл Боранбаева ІІІ орынды иеленді.
2008 ж.
  • Пекиндегі Олимпиадада Бахыт Сәрсекбаев олимпияда чемпионы болды, ал Еркебұлан Шыналиев қола медальді жеңіп алды. • Әлем чемпионатында Елена Кольцова III орынды иеленді.
  • Азия чемпионатында Жұлдызай Иманбаева II орынды иеленді. Оксана Королева, Дариға Шакимова мен Саида Хасенова қола медальді иеленді.
2009 ж.
  • Милан қаласындағы (Италия) әлем чемпионатында Серік Сәпиев қола медальды иеленді.
  • Ханой қаласындағы (Вьетнам) Азия ойындарында жабық ғимаратта Саида Хасенова II орынды, ал Дариға Шакимова – III орынды иеленді.
2010 ж.
  • Гуанчжоу қаласында (Китай) өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы екі алтынмен марапатталды. Серік Сәпиев пен Данияр Елеусіновтер бірінші орынды иеленсе, Біржан Жакыпов пен Иван Дычко күміс жүлдегерлер, Данабек Сужановқа қола жүлде бұйырды.
  • Астана қаласында өткен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның командасы І командалық орынға ие болды. Азия чемпиондары: Жайна Шекербекова (Шымкент), Саида Хасенова (Алматы), Дариға Шәкімова (Петропавл), Марина Вольнова (Астана). Назгүл Боранбаева (Астана) күміс медальға лайық деп танылды, қола медальдар Әйгерім Асқарова (Тараз), Елена Кольцова (Кустанай), Юлдуз Маматкуловаларға (Тараз) бұйырды.
  • 2010 жылы Бриджтаун қаласында (Барбадос) өткен әлем чемпионатында Марина Вольнова күміс медальға лайықты болса, ал Назгүл Боранбаева екінші рет әлем біріншілігінің қола медаліне ие болды.
  • 2010 жылы Гуанджоу қаласында (Қытай) өткен Азия ойындарында Саида Хасенова (Алматы) қола медальдің иегері атанды.
2011 ж.
  • Бакудегі (Әзірбайжан) әлем чемпионатында Серік Сәпиев пен Әділбек Ниязымбетов күміс медаль алса, ал Ғани жайлауов пен Иван Дычко – қола медаль иегерлері.
  • Команда «Астана Арланс» Бүкіләлемдік бокс сериясының дебюттік маусымында финалист атанса, ал Қанат Абутәліпов Бүкіләлемдік бокс сериясының жеке біріншілігінде бірінші чемпион атанды және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарына бірінші жолдаманы жеңіп алды.
2012 ж.
  • Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев алтын медальға ие болды және - Вэла Баркер кубогінің үшінші қазақстандық боксшысы болды, Әділбек Ниязымбетов күміс медальға лайықты деп танылды, ал Иван Дычко­–қола медальді жеңіп алды. Олимпиада ойындарының тарихында бірінші рет өткізілген бокстан әйелдер арасындағы турнирде Марина Вольнова қола медальға ие болды.
  • Циньхаундау қаласында (КНР) өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Юлдуз Маматкулова күміс медальға, ал Назым Қызайбай – қолаға ие болды.
  • 21 нарызда өткен АИБА-ң (ж. Лозанна, Швейцария) штаб-пәтерінде AIBA Professional Boxing (APB) АРВ бойынша АИБА-ң вице-президенті болып Т.А.Құлыбаевты тағайындау туралы бірауыздан шешім қабылданды, сонымен бірге Қазақстан бокс федерациясының президенті АИБА Атқарушы комитетінің мүшесі де болды.
2013 ж.
  • «Астана Арланс» командасы Бүкіләлемдік бокс сериясы ІІІ маусымының жеңімпазы атанды.
  • Азия чемпионатында ҚР Ұлттық құрамасы командалық есепте теңдесі жоқ нәтиже – 7 алтын мен 1 күмісті қоржындарына салып, бірінші орынды иеленді. Теміртас Жүсіпов (49 кг), Берік Абдрахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Антон Пинчук (91кг), Иван Дычко (+91 кг) Азия чемпиондары атанды. Әділбек Ниязымбетов (81 кг) күміс медальді жеңіп алды. Бұдан басқа, Данияр Елеусінов ең үздік боксшы атағына лайықты деп танылды.

 

Қазақстанда алғаш рет бокстан ССРО спорт шеберлері болғандар: 
  • Ш. Бөлтекұлы – «Еңбек»­,Алматы (1947 ж.)
  • Ж.Ф. Рожков – «Динамо», Алматы қ. (1953 ж.),
  • И. В. Иванов – «Динамо», Алматы қ. (1954 ж.)
  • В.К. Каримов – «Трудовые резервы», Алматы қ.
  • А.К. Кадетов – «Динамо», Алматы қ.
  • М.И. Омаров – «Динамо», Алматы қ.
  • Б.Н. Тычинин – «Спартак», Алматы қ.
  • М. Хайрутдинов – «Енбек», Балқаш қ. (1956 ж.)
  • И.С. Гильдин – «Трудовые резервы», Алматы қ.
  • В.А. Лопатников – «Трудовые резервы», Алматы қ.
  • А. Нұрмаханов – «Буревестник»,  Алматы қ.
  • Л.Л. Тришкин – «Трудовые резервы», Қарағанды қ. (1957 ж.).
Бұл  Бүкілодақтық федерацияның құрамына кіретін, 17 бокс федерациясының арасындағы 5-ші нәтиже.
6 әлем чемпионатында Қазақстан боксшыларының есебінде 4 медаль бар: 2 алтын және 2 күміс. Олимпиада ойындарында ССРО құрамасына кірген қазақстандық боксшылар жалпыодақтың қоржынға 2 күміс және 3 қола медальдарын салды.
 
ССРО-ң еңбегі сіңген спорт шеберлері жоғары атағына ие болған қазақстандық бокшылар :
  • В. Рачков – чәлем чемпионы 1978 ж.
  • И. Ружников – әлем және Еуропа чемпионы 1989 ж.
  • С. Қонақбаев – Еуропаныі екі дүркін чемпионы
  • Әлем кубогінің иегері және Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының финалисті (1980 ж.), В. Демьяненко – Еуропа чемпионы 1979 ж. және Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының финалисті (1980 ж.). Олардың бәрі атағына лайықты.
 
ССРО кезінде Қазақстанның 26 боксшыларына халықаралық кластағы спорт шеберлері атағы берілген (МСМК).
Әлем, Еуропа және Олимпиада ойындарының чемпиондарын даярлау кезінде ССРО-ң еңбегі сіңген жаттықтырушысы атағы С. Болдыревқа, Ю. Цхай, А. Аникинге (бәрі Алматы қаласында), В. Никулинге (Қостанай қ.), В. Гинкелге (Теміртау қаласы).
Советтік кезеңде Қазақстанда халықаралық санаттағы 4 төреші дайындалған: АИБА – Б. Цхвирашвили, ЕАБА – А. НҰрмаханов (Алматы қ.), В. Батурин (Алматы қ.), А. Глебчук (Қарағанды қ.).
 
Қазақстанда бокстың дамуына қомақты үлес қосқан Қазақстан бокс федерациясының президенттері:
  • 1993-2000 жылдар – Бекет Сапабекович Махмутов, он также был избран вице-президентом Международной ассоциации бокса (АИБА).
  • 2000-2002 жылдар – Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев.
  • 2002-2004 жылдар – Ляззат Кетебайұлы Қиынов.
  • 2004-2005 жылдар – Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев.
  • 2005-2008 жылдар – Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин.
 
Қазақстан бокс федерациясы АИБА-ң инновациялық жобаларында – Бокстың бүкіләлемдік сериясы (WSB) және АИБА-ң (АРВ) кәсіби боксына белсенді қатысты. 
 
2010 жылғы 19 қарашада  Astana Arlans қазақстан клубы   Бокстың бүкіләлемдік сериясы (WSB) – АИБА-ң жаңа жобасына қатысты.
WSB – бокс әлемінде айрықша жаңа кезеңін көрсететін, АИБА жобасы. Бұл боксшылар Олимпиада ойындарына қатысу құқығын сақтайтын, бірінші кәсіби серия.   
2010 жылдың қаңтарында Қазақстан бокс федерациясы WSB жобасына қатысу туралы келісім-шартқа қол қойды.  2010 жылдың сәуірінде «Astana Arlans» кәсіби спорт клубы құрылды.
2010 жылғы шілдеде Astana Arlans  командасына WSB нұсқасында кәсіби бокс бойынша ҚР-ң ұлттық құрамасының мәртебесі берілді.
Ақтық мәреде Astana Arlans, «Париж Юнайтедке» жол бере отырып, Бокстың бүкіләлемдік сериясында финалдың екінші кезеңінде 1:4 есебімен,    
WSB чемпионатының дебюттік кезеңінде екінші орынды иеленді. Қанат Әбутәліпов Бокстың бүкіләлемдік сериясында жеке біріншілікте алғашқы чемпион болды және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды.
2013 жылы  Astana Arlans командасы  WSB үшінші кезеңінің жеңімпазы болды.
 

 

Материал заң ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми саладағы Шоқан Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты К.С.Мәуленовтің қатысуымен дайындалған.
Наверх