Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

ҚБФ-ң Біржылдық конференциясы өтті

27 Қаңтар, 2014

 27 қаңтарда Алматыда Қазақстан Бокс Федерациясының президенті Т.А.Құлыбаевтың өкілеттілігімен «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастық түріндегі ЗТБ-ң Бір жылдық конференциясы өтті. Мәжілістің күн тәртібінде отандық боксты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

 Мәжіліс барысында өткен жыл Қазақстан бокс федерациясы үшін ерекше болғаны атап өтілді. Бұл отандық бокс тарихында маңызды оқиға болып белгіленіп, қазақстандық боксшылардың жарқын жетістіктерінің жылы болды. Ересектер арасындағы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өткізілген, олимпиадалық тәртіптің әлем біріншілігіндегі отандық спорт тарихының алғашқысы болды. Бұл оқиға - біздің елімізде жүйелі бокстың дамуына 80 жыл толды.

Мерейтойға біздің боксшыларымыз тамаша сыйлық жасады – тарихта алғаш рет біздің құрамамыз Алматыда өткен әлем чемпионатында 4 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлделерге ие болды және командалық есепте бірінші орынға ие болды, сондай-ақ Азия чемпионатында, Амманда (Иордания) 7 алтын, бір күміс алқа мен командалық есепте бірінші орын алып, үздік қорытынды көрсетті. Қазақстан боксының тағы да бір жетістігі - Бүкіләлемдік бокс сериясының үшінші кезеңінде «Астана Арланс» командасының жеңісі.

Федерацияның жұмысындағы негізгі назар аударатын оқиға – 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатына қатысты мәселелерге тоқталу мен бокстан ҚР ұлттық құрама командасының өзімізде өткен әлем біріншілігіне шығуына дайындық мәселелері.

Сонымен бірге, федерация ағамдағы олимпиада кезеңінде федерация президенті белгілеген негізгі қызмет бағыттары бойынша жұмысты жалғастырады. Олардың ішінде:

– жаттығу және жарыс үдерістерін ұйымдастыру, сондай-ақ бокстан ҚР ұлттық құрамасын материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету;

– өңірлік федерациялармен жұмыс істеу;

– жаттықтырушы-оқытушылық құраммен және төрешілер корпусымен жұмыс;

– ұлттық құрама командаларды кешенді ғылыми және медициналық қостау;

– халықаралық қызмет және АИБА-ң халықаралық жобаларына қатысуы;

боксты дәріптеу, PR-қызметі.

 

ҚР ұлттық құрамаларымен жұмысты әрі қарай жетілдіру мақсатында және ұлттық құрама командаларда жас ұрпақтың мирасқорлығы үшін жағдай жасауға құрамына 18 және 21 жастағы жасерекшелік топтарындағы спортшылар кіргізілген, тәжірибелі құрама командаларды қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Тәжірибелі құраманың үйлестірушісі болып Б.А.Сәрсекбаев сайланды. Қазіргі сәтте тәжірибелі құрама оқыту-жаттығу үдерісіне кірісті.

2013 жылы оқыту-жаттығу үдерісінің аясында федерация бокстан ҚР ҰҚК-ң қатысуын ұйымдастырды және қаржыландырды:

ересектер арасында - 8 УТС және 10 жарыс;

әйелдер арасында - 5 УТС және 6 жарыс;

жасөспірімдер мен жастар арасында - 9 жарыс.

Федерация өңірлердегі бокстың дамуына, әсіресе материалдық-техникалық базаның күшеюіне ерекше назар аударады.

Сонымен, 2013 жылы федерация спорт жекпе жегі мен спорттың күштесетін түрлерінің (бокс, күрес, дзюдо, таэквондо, ауыр атлетика) бір типті әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы Түркістан мен Семей қалаларында басталды. Аталған кешендер 2014 жылы пайдалануға беріледі. Бұдан басқа, 2014 жылы тағы да 2 ДСК-ң құрылысы басталады.

2013 жылы федерация өңірлерде боксты дамыту мониторингін іске асырды. Бұл жұмыс осы жылы да жалғасын табады. ҚР ҰҚК жаттықтырушыларының, ҚБФ үйлестірушілерінің өңірлерге шығу кестесі бекітіліп, спорт мектептері мен интернаттарындағы бокс бөлімшелері спортшыларының дайындығымен танысатын болады. Спорттық дайындық деңгейін көтеруге бағытталған, ұсынымдар жүргізілген талдау қортытындылары болады.

Өңірлерде бокс секциялары мен бөлімшелерінде материалдық-техникалық жабдықтауды және жұмыс істеу жүйелерін стандарттау бойынша жұмыс жалғасып жатыр, сонымен бірге:

жаттықтырушылар, төрешілер, спортшылар мен басқа да мамандар үшін теориялық және тәжірибелік курстар бойынша оқыту бағдарламаларының жобаларын әзірлеу;

бокстың өңірлік бөлімшелері үшін оқыту-әдістемелік әдебиеттер шығару;

облыстық құрамадан ұлттық құрамаға дейінгі спортшыларды дайындау үдерісін қамтитын, 2014-2017 жылдарға арналған боксты дамыту бағдарламасын әзірлеу.


 

Өңірлерде боксты дамыту мақсатында, федерация президенті Т.А.Құлыбаевтың бастамасымен дарынды жас спортшыларды анықтайтын «Қазақстан бокс федерациясының кубогі» республикалық жарысы өткізіліп тұрады, 2013 жылы Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды.

ҚБФ Кубогінің 5-ші кезеңінде 3 олимпиадалық салмақ категориясының өкілдерінен құралған, әйелдер командаларын қатыстыру жоспарланып отыр.

2013 жылы федерацияның қамқорлығымен Халықаралық бокс ассоциасы (АИБА) 5 жаттықтырушылар семинарын өткізіп, оларды аттестаттады. Қазіргі кезде 24 жаттықтырушы «3 жұлдызды», 11 жаттықтырушы – «2 жұлдызды», 44 жаттықтырушы – «1 жұлдызды» алды.

Өткен жылы федерация «Болашақ» бағдарламасы бойынша жаттықтырушылар кадрларын даярлауға кірісті. 12 адам осы бағдарлама аясында біліктілігін жоғарлату курсынан өтті. Серік Сәпиев қазіргі таңда Лондонда университетте оқып жатыр. Осы жылы да осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар өз жалғасын табады. Оқып жатқандар санымен бірге, мамандықтар жиынтығы да көбейетін болады. Сондай-ақ, спорт тақырыбы бойынша мамандандырылған, республикалық БАҚ журналистерін оқуға жіберу жоспарланып отыр.

Жаттықтырушылар кадрларын даярлау мәселесіне бірінші кезекті назар аудара отырып, 2014 жыл «Жаттықтырушы жылы» деп аталды. Осыған орай, федерацияның бастамасымен, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігімен бірге тұрақты негізде жұмыс істейтін, Жоғарғы жаттықтырушылар курсы құрылған. Яғни, қаңтардың 15-і мен 20-ы аралығында Алматы қаласында осы курстарда Бокстан олимпиадалық дайындық орталығында семинар өтті.

Федерацияның тағы да бір маңызды жұмысының бағыты – ол білікті төрешілермен қаматамасыз ету. Бұл спортты дамытудың серпініне әсер ететін, маңызды факторлардың бірі. Федерация төрешілер корпуcыменжоспарлы жұмыс жүргізіп отыр. Үздіксіз төрешілер оқытатын және біліктілігін арттыратын семинарлар өткізіліп тұрады.

 

2013 жылы АИБА жарыстарын өткізудің жаңа техникалық ережелері енгізіліп, федерация қазақстандық төрешілер үшін 4 семинар өткізді. 2014 жылдың қаңтарында 1 төрешілер семинары өткізілді. Осы жылы тағы да 4 семинар өткізу жоспарланып отыр.

Айта кету керек, қолданылған шаралар пайдалы нәтиже берді. Қазіргі кезде федерацияның төрешілер корпусында 1 төреші АИБА-ң «5 жұлдызын»; 7 төреші – «3 жұлдызын»; 3 төреші – «2 жұлдызын»; 8 төреші – «1 жұлдызды» иеленіп отыр.

Оқыту-жаттығу және жарысу үдерістері медициналық және медициналық-биологиялық көмекпен толығымен қамтамасыз етілген. Кешенді ғылыми топтың материалды-техникалық базасы үнемі күшейтілген және жаңартылып тұрады.

Федерация бокстан оқу-жаттығу жиыны кезеңінде ұлттық құрама команданың спортшыларымен бірге жүру үшін республикалық орталық мамандарын тарта отырып, «Спорттық медицина мен оңалту орталығы» РМҚК-мен бірге жұмыс істейді.

Федерация АИБА-ң инновациялық жобалары – Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) мен АИБА кәсіби боксына (АРВ) белсенді қатысады. Яғни, АРВ дамыту бағдарламасын, осы жылдың маусым-шілде айларында іске қосылатын, Қазақстанға осы мақсатта арнайы келген, АИБА-ң атқарушы директоры Хо Ким мырза мәжіліске қатысушыларға ұсынды.

Федерация делегациясы қаңтардың 21-і мен 24-і аралығында Бакуде өткен АИБА-2014 комиссиясы мәжілісіне қатысты. Осы беделді халықаралық спорт ұйымының көрнекі форумының негізгі мәселелері қатарында – жаңа техникалық ережелер, олимпиадалық біліктілік жүйесі, Алматыдағы әлем чемпионатын талдау жатты. Айта кету керек, Алматыда өткен Әлем чемпионатына және осы әс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға АИБА басшылығы жоғары баға берді.

Федерация президентінің тапсырмасы бойынша Алматыда өткен әлем чемпионаты кезеңінде бас демеуші «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірге ауқымды PR-кампания өткізілді. Осы кампания аясында чемпионаттың сайты ашылып, жартылай финалды және финалды айқастардың тікелей теледидардан трансляциясы ұйымдастырылды, республикалық телеарналардан отандық бокс тарихына, ҚР ҰСК-ң ХХХ жазғы Олимпиада ойындарындағы спортшылардың ойындарына арналған фильмдер шықты және көрсетілді, сондай-ақ Серік Сәпиевтің – олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы және Вэла Баркер кубогінің иегері, спортттық мансабына арналған «Қазақстан бокс энциклопедиясының» үшінші басылымы жарыққа шықты.

Наверх