Бүгін ақтық мәреде СұлтанЗауырбек (56 кг) құрлықтағы біріншілікте қазақстандық боксшыларға есеп ашып, корейлік боксшыны нық сеніммен жеңіп шықты. Азия-2014 чемпиондары атанған, тағы да 5 спортшымыз құрмет тұғырының жоғарғы баспалдағына көтерілді.
Қазақстан боксшылары Бангкок қаласында (Таиланд) жастар арасында өткен Азия чемпионатында табысқа жетті, олар 9 алқаны иеленді, олардың ішінде 6 – алтын, 3- қола, сондай-ақ командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.
60 кг салмақ категориясындағы Абылайхан Жүсіпов сириялық боксшының жеңіске жетуіне бір де бір мүмкіндік бермеді. Аян Қалибеков (64 кг), Вадим Казаков (81 кг) және Темірлан Қабиев (91 кг) біздің финалдағы басты қарсыласымыз болған өзбек спортшыларын айқын басымдықпен жеңіп шықты.ЕлдосҚадырбаев (+ 91 кг) сириялық боксшыны жеңді.
«Қола» Ертуған Зейнулиновтың (49 кг), Ивана Ковалев (52 кг) пен Ильи Очкиннің (69 кг) қанжығасына байланды.
Барлық 10 салмақ категориясындағы қазақстандық командаға чемпионатта, жастар арасындағы аға жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев басшылық жасады.
Бүгін 30 қаңтарда аяқталған, Азия біріншілігінде барлығы 16 елден өкілдер қатысты.