Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Астанада «Жыл спортшысы-2013» атағының иелері

24 Қаңтар, 2014

 Осы атақ спортшыларды даярлаған, жаттықтырушыларына да берілді.

 Алты қазақстандық «Жыл спортшысы-2013» атағын алды деп хабарлайды Vesti.kz. тілшілері. Бүгін олардың атын Астанада атады.


Яғни, атаққа төрт боксшы лайықты деп танылды: Данияр Елеусінов, Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов пен Жәнібек Әлімханұлы. Сондай-ақ, жыл спортшылары атанған конькимен жарысушы Денис Кузин мен қазақша күрес балуаны Айбек Нұғымаров. Осыған қоса, марапаттауда екі «үздік» болған жоқ, Ақшалов қазір оқуда, ал Кузин Сочида өтетін Олимпиада ойындарына дайындықта. 

"Басқа спортшылар сияқты маған да бұл марапат, еңбегіме деген ықылас деп ойлаймын, - дейді әлем чемпионы және «Қазақстан барысы-2013» жеңімпазы Айбек Нұғымаров. Өткен жыл мен үшін өте сәтті жыл болды. Келер жылдан не күтемін? Әрине, өзімнің атағымды қорғап қалу. Мен үшін бүкіл елімнің қолдауы өте қуантарлық – болашақта да үздік болуға тырысамын». 

«Жыл жаттықтырушысы-2013» атағы Мырзағали Айтжановқа (Мерей Ақшаловтың жаттықтырушысы), Серік Қожыкеновке (Айбек Нұғымаровтың жаттықтырушысы), Марат Елеусінов (Данияр Елеусіновтің жаттықтырушысы), Мұрат Сиқымбаевқа (Жәнібек Әлімханұлының жаттықтырушысы) және Петр Пастушкоға (Денис Кузминнің жаттықтырушысы) берілді. 

Кәсіби спорттан үздік спортшы атанған Геннадий Головкин.

"Жеңіске ұмтылғандар» қатарында: фигурист Денис Тен, штангашы Алмас Өтешов, дзюдошы Азамат Мұқанов, екі мәрте олимпиадалық жүзудің өкілі Зульфия Габидуллина, боксшылар Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко.

Жыл федерациясы атағы отандық Бокс федерациясына (ҚБФ), конький тебушілердің ұлттық федерациясы мен шаңғы жарысынң ұлттық федерациясына берілді. 

Жыл командалары атанғандар: көкпардан қазақстан құрамасы, Astana Arlans кәсіби бокс командасы, «Шахтер» ФК мен «Қайрат» МФК. Еліміздегі нағыз спорттық өңір – Оңтүстік Қазақстан облысы.

Айта кетейік, спортшыларды жеңісімен ҚР Спорт істері және дене шынықтыру агенттігі 2013 жылдың қорытындысы бойынша марапаттады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұрынырақ Vesti.kz оқырмандарының нұсқасы бойынша жыл спортшысы WBA пен IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы Геннадий Головкин таңдалған. «Жыл спортшысы-2012» номинациясына келсек, онда Лондонда өткен ХХХ жазғы олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері Илья Ильин, Серік Сәпиев, Александр Винокуров, Ольга Рыпакова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова, Әділбек Ниязымбетов, Даниял Гаджиев, Марина Вольнова, Гюзель Манюрова, Иван Дычко және Ақжүрек Таңатаров танылды.

Наверх