Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Допингке қарсы кодекс: AIBA барлық талапқа сай

24 Қыркүйек, 2018

 Бүкіләлемдік допингке қарсы қауымдастық (WADA) осындай шешім шығарды

Бүкіләлемдік допингке қарсы қауымдастық (WADA) атқарушы комитетінің AIBA қатысты мәлімдемесі барша бокс әлемі үшін маңызды жаңалық. Себебі, спорт саласындағы допинг мәселесін қатты қадағалайтын WADA қаһарына ұшыраған кез-келген ұйымның болашағы бұлыңғыр. Ал AIBA бұл сыннан сүрінбей өтіп отыр.

WADA құрған арнайы комиссия AIBA допингке қарсы кодекске толық сәйкестігі жөнінде қорытынды шығарып, WADA атқарушы комитетіне қолдайтынын білдіріп ұсыным енгізген. Сондықтан 2019 жылы Ресейдің Сочи қаласында өтетін ерлер арасындағы Әлем чемпионатына қатысты барлық мәселелер шешімін тапты деген сөз.

Осыған қатысты AIBA (Amateur International Boxing Association – Халықаралық Әуесқой Бокс Қауымдастығы) атқарушы директоры Том Виргетс мәлімдеме жасады.

«AIBA үшін бұл жаңалықтың орны ерекше. Біздің басты мақсатымыз – бокстың кеңінен дамуына қолайлы жағдай жасау және допинг проблемасының алдын алу. Бұл бағытта  WADA әріптестігіміз одан әрі өзінің оң нәтижесін береріне сенімдіміз», - дейді.

Дереккөз: http://aiba.org/ 

Наверх