Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты Нью-Дели қаласында өтеді

25 Қыркүйек, 2018

 Үндістан Республикасындағы дүниежүзілік дода 13 мен 25 қараша аралығына жоспарланған

 Ең алғаш рет бокстан әйелдер арасындағы Әлем біріншілігі 2001 жылы АҚШ мемлекетінің Пенсильвания штатында орналасқан Скрэнтон қаласында өткен болатын. Ал биыл байрақты бәсеке оныншы мәрте жалауын көтереді. Осыған дейін нәзік жандар арасындағы дүниежүзілік жарыстардың көбі Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттерінде өтті. Атап айтсақ, Циньхуандао (Қытай), Чеджу (Оңтүстік Корея), сонымен қатар, 2016 жылы еліміздің төрі Астана қаласында да ұйымдастырылды. Үнді елі болса бұл сайысты осымен екінші рет қабылдап отыр (бірінші рет 2006 жылы дәл осы Нью-Делиде болды). Ал соңғы рет 2016 жылы біздің елде болған Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жасындай жарқылдап, аруларымыз нағыз ерлік көрсеткен еді. Атап айтсақ, Назым Қызайбай (48 келі),  Дина Жоламан (54 келі), Валентина Хальзова (69 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81+ келі) алтыннан алқа тағынып, Жайна Шекербекова (51 келі) мен Айжан Ходжабекова (57 келі) қола медальға қол жеткізген еді. Сондай-ақ, Қытай, АҚШ, Франция мен Ұлыбритания елінің саңлақтары да жоғары нәтиже көрсетті.

Наверх