Халықаралық олимпиада комитеті боксты Аргентинадағы Жасөспірімдер олимпиада ойындары бағдарламасында қалдырды. Бұл туралы Азия бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
2018 жылы Жасөспірімдер олимпиада ойындары үшінші рет өткелі жатыр. Шара 6-18 қазан аралығында Буэнос-Айреста ұйымдастырылмақ. Бұл 14-18 жас аралығындағы спортшылар қатысатын арнайы олимпиада ойындары. Алғашқы Жасөспірімдер олимпиада ойындары 2010 жылы Сингапурде өткен болатын.