Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Украинада бірлескен оқу-жаттығу өткізді

05 Мамыр, 2018

Бокстан Украина, Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстан ұлттық құрамалары Харьковьте бас қосты.

Бас-аяғы 100-ге жуық былғары қолғап шебері алдымен біріккен оқу-жатығу өткізіп, кейін өзара жарыс ұйымдастырды. Оның қорытындысы бойынша жергілікті жігіттерге тең келер ешкім болмады. Жалпы есептің екінші сатысына – Қазақстан, ал үшінші орынға Өзбекстан спортшылары орналасты. Енді дәл осы боксшылар өзара Индонезия елінде өтетін Азия ойындарында кездеседі.

Мырзағали Айтжанов, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:

- Азия елінде биыл үлкен жарыс бар. Ол – Азия ойындары. Төрт жылда бір өтетін. Соған дайындық мақсатында Өзбекстан да, Түрікменстан да, Қазақстан да осы іс-шараға келдік. Былай айтқанда, бәрі жақсы өтті. Жігіттеріміз оқу-жаттығу жиынында әр елдің боксшыларымен өздерін сынап, жаттығу барысында көрді

Бекдәулет Ибрагимов, бокстан ұлттық құрама мүшесі:

- Харьковқа келудегі мақсатымыз – 4 мемлекетпен тәжірибе алмастық. Мен мұнда екі жекпе-жек өткіздім. Екеуінде де жеңіске жеттім. Алдағы жарыстарда кездесіп қалуымыз мүмкін. Сондықтан ол бізге пайдасын береді, тәжірибемен алмастық.

24.kz

Наверх