Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Astana Arlans командасы WSB төртінші маусымына құрамын жариялады

07 Қараша, 2013

 Қазақстандық клуб Бүкіләлемдік бокс топтамасында «арландардың» намысын қорғайтын, өзінің жаңа құрамын ұсынды.

 22 қазақстандық боксшылар Astana Arlans командасының (WSB) Бүкіләлемдік бокс топтамасының қазіргі чемпиондарының құрамын толықтырды, деп хабарлайды Vesti.kz. тілшісі.

 

Боксшылармен бірге, үшінші маусымда клубқа қалғандар, құрамы 35 спортшымен есептеледі. 6 қарашада Astana Arlans бас директоры Болат Манкенов жаңадан келгендерді таныстырды. Сонымен, төртінші маусымда «арландар» үшін күш сынасатындар:

 

49 кг дейін: Анвар Музапаров, Мардан Берікбаев, Азат Камзин

52 кг дейін: Мирас Жақыпов, Олжас Сәттібаев, Айдын Елжанов, Азат Махметов

56 кг дейін: Багдад Әлімбеков, Мейірболат Тойытов, Мәди Шолақов, Дидар Өтелбаев, Нұрбол Қалжанов

60 кг дейін: Самат Башенов, Роман Щегринов, Жандос Момынов, Николай Шваб

64 кг дейін: Асхат Уәлиханов, Жәнібек Әжібай, Руслан Мәдиев

69 кг дейін: Бахытжан Қожабеков, Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев, Сүлейман Бердоқаев

75 кг дейін: Сергей Деревянченко (Украина), Ерік Әлжанов,

81 кг дейін: Хрвое Сеп (Хорватия), Эхсан Рузбахани (Иран), Данабек Сужанов, Арман Рысбек

91 кг дейін: Василий Левит, Арбек Абдуғаниев, Хамзат Гелисханов

91 кг жоғары: Руслан Мырсатаев, Филипп Хргович (Хорватия), Армен Симонян (Армения)

 

Бас жаттықтырушы Сергей Корчинскийдің сөзіне қарағанда, оның командасы WSB рекордшылары болмақшы және топтамада болмаған жаңалық – бір команданың жарысты екі рет жеңіске жететінін атап өтті. Сонымен бірге, тәлімгер WSВ тқртінші маусымының мәресі Киевте қтетінін айтты:

 

"Бізге ақтық мәреде украйындықтардың «атамандарымен» кездескіміз келеді. Бірақ бірінші финалға жетуіміз керек, алдына ала тон пішпей, әліптің артын бағайық. Киевке бару үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз».

 

Айта кету керек, сонымен бірге команданың жаттықтырушылар құрамына атақты боксшы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Болат Жұмаділов және маман Нұрлан Ақүрпеков кірді.

 

Естеріңізге сала кетейік, Astana Arlans Бүкіләлемдік бокс топтамасының қазіргі чемпионы. Жаңа маусымда он салмақ категориясы болады және «арландар» үшін Қазақстан құрамасының боксшылары да өнер көрсетеді. Команда атағын қорғауды Сергей Корчинскийдің командасы 15 қарашада бастайды, мұнда Әзірбайжанның Baku Fires командасын қарсы алады.

vesti.kz

Наверх