Бүгін, 31 қазанда, Астана қаласында АИБА вице-президенті, Қазақстан бокс федерациясының президенті Т.А. Құлыбаевтің Қазақстан Республикасының бокстан ұлттық құрама командасының спортшылары және жаттықтырушылар құрамасымен кездесуі болды.
Т.А. Құлыбаев ұлттық құрама мүшелерін әлем чемпионатындағы көрсеткен тамаша өнерлерімен құттықтап, 4 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлделер құрама қоржынына түскенін және бұрын соңды болмаған, қазақстандық команданың өте жоғары нәтижеге жетуі, командалық есептегі бірінші орынды алғанын атап өтті, және де әлем біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар кеңесі мен кешенді ғылыми топ мүшелеріне сыйлақтар ұсынды.
Федерация басшысы сонымен бірге, әлем чемпионатын дайындап, оны өткізуге аянбай тер төккендерді де құттықтады, АИБА президенті Чинг-Куо Вудың, осындай беделді халықаралық спорт түрінің Алматыда өте жоғары дәрежеде өткізілуіне басқа да спорт ұйымдары мен ұлттық құрамалардың жоғары баға бергенін атап өтті.
Т.А. Құлыбаев спорт біздің елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізген сындарлы саясатының арқасында дамып келе жатқанын атап өтті. Еліміздің түкпір түкпірінде заманауи спорт кешендері салынып, олардың материалдық-техникалық базасы күшейтіліп келеді. Спорт саласындағы жетістіктеріміз спортпен айналысушылардың көбейіп келетінін көрсетеді, әлемдік спорт майданындағы қазақстандық атлетшілердің жетістігі осының айғағы. Қазақстанда Қысқы Азия ойындарының, әртүрлі әлемдік дәрежедегі жарыстардың, 2017 жылы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың өткізілуі – Қазақстанның Азия құрлығындағы әлемдік спорт орталығының бірі екенін дәлелдейді.