Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН – ҚОРЖЫНЫНДА ТӨРТ «АЛТЫН»

28 Қазан, 2013

 Иван Дычко – бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Финалда әзірбайжан боксшысы Магомедрасул Меджидовпен бақ таластырған Иванға Қазақстан құрамысына тағы да бір алтын әкелуге бар болғаны екі минут жетпей қалды. 

 Алдыңғы екі раундта озып шыққан біздің боксшымыз үшінші раундтың «үшінші» минутында қарсыласының қатты соққысын тигізіп, нокдаунға түсті, одан соң қайтадан жұдырықтасуға шыққан, қазақстандықтың жағдайын байқаған Меджидов тағы да бір қатты соққы соқты, осыдан кейін айқас тоқтатылды.

Иван Дычко әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Ал Қазақстан құрамасының қоржынында төрт алтын, екі күміс және екі қола наградалар бар, өткен әлем чемпионатындағы Украинаның рекордын жасады, және салтанатты түрде әлем біріншілігінде жалпы командалық бірінші орынды иеленді.

Наверх