Туған елімізде, өз мінбемізде өткен әлем чемпионаты, еліміз Қазақстан боксының 80-жылдығын тойлауы.... Бұл жауапкершіліктен де жоғары. Жәй ғана әлем біріншілігі емес, одан да анағұрлым артық.
Төрт алтынды қанжығасына байлаған Қазақстан құрамасы өзінің әлемдегі таңдаулы бокс державасы екенін жәй ғана дәлелдеген жоқ, сонымен бірге еліміздегі бокстың мақсатты дамуы – өз жемісін берді. Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің оң нәтижесі жылдан жылға жақсарып келеді.
Осы жыл ұлттық құрама үшін шындығында да табысты жыл болды – Азияның салтанатты рекордты чемпионаты, төрт рет «алтынды» әлем чемпионаты. Он боксшының сегізі құрмет тұғырында тұрса, алтауы финалда жеңіп шықты, барлығы да өте әдемі және лайықты бокс көрсетті.
«Бұл біздің жалпы жұмысымыз – жаттықтырушылар штабының жұмысы, Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың басшылығымен Қазақстан бокс федерациясының жұмысы, әрине, осы әлем чемпионатына біз дайындаған өзіміздің боксшыларымыздың еңбегінің нәтижесі. Сонымен бірге, бізді осы сәттерде қолдаған жанкүйерлеріміздің еңбегі, еліміздің қолдауы» - деді Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы, АИБА-ң осы жылғы үздік жаттықтырушысы атағын лайықты еңбегімен алған Мырзағали Айтжанов.
Әлем чемпионаты-2013 финалынан кейін АИБА-ң жыл қорытындысы бойынша ең үздік боксшыны марапаттау салтанатында, ол чемпионат барысында жоғары тәсілді бокс көрсетіп, жанкүйерлерінің мінбеде орындарынан тұрып, қол соғып қошеметтеуіне, шетелдік мамандардың сүйсінуіне ие болды.
«Мұның бәрі біздің жаттықтырушыларымыздың – менің жеке жаттықтырушым мен құраманың бас жаттықтырушысының арқасында» - деді сыпайы қалыптағы біздің капитан марапаттау кезінде.
Әлем чемпионатынан кейін барлық боксшыларға азғана демалыс беріледі. Қарашаның екінші жартысында Атырауда Қазақстанның чемпионаты басталады, онда еліміздің басты «алтын» құрамасының запастағы боксшыларының мүмкіндіктерін көруге болады.