Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Жасөспірімдер әлем чемпионы атағына күресуде

06 Қыркүйек, 2013

Ертең, 7 қыркүйекте Киев қаласында 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді.

Жарысқа әлемнің 56 елінен 380 боксшы қатысады, олардың ішінде Қазақстанның құрамасы да бар. Боксшылардың құрамы туралы соңғы мәліметтер ертең, 7 қыркүйекте арнайы жеребе тастаудан кейін белгілі болады. Әйтсе де, жасөспірімдер арасындағы алдыңғы әлем біріншілігінде боксшыларымыз жоғары дәрежелі табыстарға жеткен болататын.

Қазақстанды әлем біріншілігінде таныстыратындар:
46 кг – Әлімжан Бескемпір
48 кг – Серік Теміржанов
50 кг – Стоян Мазур
52 кг – Бауыржан Темірхан
54 кг – Сабыржан Әбілов
57 кг – Абылайхан Жүсіпов
60 кг – Бекнұр Құлан
63 кг – Владислав Столбовский
66 кг – Рахат Маржықпаев
70 кг – Қадырбек Садықбек
75 кг – Жұмагелді Раев
80 кг – Тимур Ержанов
+80 кг – Дмитрий Зиско
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы - Қайрат Сәтжанов айтқандай, оның қамқорлығындағы боксшылар қалыпты жағдайда. «Құраманың құрамында Қазақстанның чемпиондары кірген, олардың ішіндеалтауы сәуір айында Азия чемпионатында үздіктер атанды. Дайындық жақсы өтті. Әлем чемпионатына Алматыда олимпиадалық базада дайындық өтті. Сарбаздардың көңіл-күйлері жақсы, жеңіс үшін күресуге дайын» - дейді аға жаттықтырушы.Біздің міндетіміз –жаһандық жарыстарда жеткен табысымызға қайта жету. Жалпы командалық есептегі «үштіктің» құрамына кіру, бұл қарсыластарымызды ескерсек, оңайға түспейді, әйтсе де, біздің боксшыларымызға сенуге болады – дейді Қ. Cәтжанов. «Біздің басты қарсыластарымыз – бұл Куба, АҚШ, ТМД елдері, әсіресе, Ресей, Украина мен Өзбекстан» - деп атап өтті команда жетекшісі.
7 қыркүйекте таңертең боксшылар салмақтарын өлшеп, содан кейін жеребе тастайды. Алдын ала болатын айқас ертең кешке басталып та кетеді. Жартылай финал 14 қыркүйекке белгіленіп отыр. Әлемнің 13 чемпионының есімі 15 қыркүйекте жарияланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, АІВА жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты екі жылда бір рет болады. Алдыңғы чемпионат 2011 жылы Астана қаласында өтіп, алтынды қоржынына салған 54 кг Бекжан Қыбытқалиев еді. Командалық есепте жеңіске жеткен Ресей құрамасы болды. Қазақстан (1-1-2) Өзбекстан (2-1-2) мен Австралиядан (2 алтын) кейін төртінші орынды иеленген болатын.
Командамызға сәттілік тілейік!

Жанар Өтешева
Арнайы ҚБФ үшін

Сурет әлем чемпионатының ресми сайтынан


Наверх