Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Серік Сәпиев ЮНЕСКО-ның Ізгі ниет елшісі атанды

27 Тамыз, 2013

24 тамызда еліміздің астанасында атақты қазақстандық  боксшымыз Серік Сәпиевке спорт бойынша ЮНЕСКО-ң ізгі ниет елшісі атағы берілді. Олимпиада чемпионы, Вэла Баркер кубогінің иегері, әлемнің екі дүркін чемпионы тағы да бір жеңіске қол жеткізді. 

ЮНЕСКО-ң ізгі ниет елшісі атағын әлемдегі жас буын өкілдеріне, атақты атлеттерге елеулі жетістіктері үшін берген. Серік Сәпиевке дейін осы атаққа 13 адам лайықты деп танылған: тарихтағы  ең үздік футболшы Пеле, «Формула-1» жарысының жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер, жеңіл атлетикадан үш дүркін олимпиада чемпионы  Вероника Кэмпбелл-Браун, хоккейден екі дүркін олимпиада чемпионы Вячеслав Фетисов, жеңіл атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы Виргилиюс Алекна, ағайынды боксшылар Виталий и Владимир Кличко, «Үлкен дулыға» теннист турнирінің жеті дүркін чемпионы Жюстин Энен, дзюдодан олимпиада чемпионы Давид Дуйе, жағажай волейболының олимпиада чемпионы Жаклин Силва, сумошы Хакухо Се, атақты футболшы және жаттықтырушы Оскар Табарес.

 

Ізгі ниет елшісі атағын Парижде ЮНЕСКО-ң штаб-пәтерінде марапаттайды, бірақ қазақстандықтарға айрықша ерекшелік жасалып, марапаттау салтанатын Астана қаласында өткізді.

 

Іс-шара «Қазмедиа» ақпараттық орталығының акт залында қалың қауымның, ресми өкілдер мен белгілі қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтті. 

 

Марапаттау кезіне Серік Сәпиевтің тамаша мансабының негізгі кезеңдері: туған қаласы Абайдағы бокс секциясына баруы, алғашқы жаттықтырушысы Александр Стрельниковпен кездесуі, әлем чемпионаттары мен Олимпиада да жеткен жеңістері көрсетілген, арнайы Жеңіске жол фильмі дайындалды. Лондон Олимпиадасындағы кадрға залдағы қауым шаттықпен, шаршамастан қол соқты.    

 

Серікке дипломды ЮНЕСКО-ң директоры Ирина Боково ханым табыс етті.    

 

– Біздің ұйымда Серік Сәпиев сияқты спортшының болуы өте тамаша, ол ЮНЕСКО-ң жарқын бейнесін бейнелейтін және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттаушы тұлға ретінде көрінеді,- деді Бокова.     

 

- Мен әлем спортындағы ең айтулы майталмандар қатарына қосылғаныма өте қуаныштымын. Бұл – тек менің емес, бүкіл қазақ спортының жетістігі. ЮНЕСКО-ның білім беру, мәдениет, спорт, салауатты өмір мәселелері бойынша барлық саясатын берік ұстана отырып, қай салада болсын маған жүктелген міндеттерді абыроймын атқаруға ант етемін.

 

Серік Сәпиев енді ринге шықпасы белгілі, бірақ ол еліміз үшін халықаралық алаңда көптеген жетістіктерге жетуіне біз сенімдіміз. Оның бойындағы жеңіске жетуге деген құлшынысы өрши береді. 

 

www.liter.kz

 


Наверх