Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ: «ҚҰРАМАНЫҢ БІРІНШІ НӨМІРЛІ СПОРТШЫЛАРЫ «ASTANA ARLANS» КЛУБЫНА КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

20 Ақпан, 2015

AIBA нұсқасында әлемнің екі рет үздік боксшысы және ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусінов «Астана Арланс» клубының атынан шаршы алаңға қайта шығуға дайындалып жатыр. Боксшы WSB жобасы мен катар әлем чемпионатына дайындық қалай өтіп жатқандығы туралы «Курсив» газетіне сұхбат берді.


- Данияр, Сіз үшін Бүкіләлемдік бокс сериясына негіз болатын не?
 
- Біз қазақстан клубының атағын қорғап қалуымыз керек. Қазіргі таңда көптеген командалар бірінші нөмірлі болып күшейіп жатқанын біз түсінеміз. Мысалы, Әзірбайжан мен Куба командаларынан осыны аңғаруға болады, бұл әрине, нәтиже де беруде. «Арландар» құрамында тәжірибелі боксшылар мен жақсы боксшылар көп, және де біздің командамыз жоғары орындар да алып жүр. Бірақ та, мен ойлаймын, біз де құраманың бірінші нөмірлері сияқты біздің клубымызға көмектесіп, «Астана Арлансты» күшейтуіміз қажет. Біздің боксшыларымыздың WSB-ң осы маусымында табысты тартыс өткізіп, барлық өткен кездесулерде жеңіске қол жеткізгенін білеміз. Мен қазіргі уақытта WSB жобасына өте табанды дайындалып жатырмын.
 
- Алайда, Риода өтетін Олимпиадаға лицензияны Сіз әлем чемпионатында жеңіп алуды жоспарлап отырсыз ғой?
 
- Иә. Біздің алдымызда Катарда өтетін жарыста үлкен міндет тұр. Қазақстан бокс мектебі әрқашанда үздіктердің бірі болатын. Бізге қазақстан боксының әсіресе Алматыда өткен әлем чемпионаты мен Азия ойындарында алған жоғары беделін дәлелдеуіміз керек. Сондай-ақ, Олимпиадаға көбірек лицензия алсақ дейміз. Айта кетсем, біздің командамыз жарысқа шындап дайындалып жатыр.
 
- Сіздің осы жылы қойған мақсаттарыңыз?
 
- Әлемнің екі дүркін чемпионы атансам деймін, және де Олимпиада-2016 лицензияны жеңіп алу. Алдымызда тағы да Азия чемпионаты бар. Бұл жыл маңызды болмақ, табысты да болады деп үміттенемін. Босаңсуға тіпті болмайды, алдымызда Олимпиада ойындары, барлық спортшылар үшін басты жарыстар жылы болмақшы.
 
- Данияр, сізді бірнеше рет үздік боксшы деп таныды, жақында басқа да спортшылармен бірге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінде де танылып жатырсыз. Мұның бәрі сізге қалай әсер етті?
 
- Мен үшін еліміздің үздік спортшыларының қатарында болу үлкен құрмет, тағы да біздің Министрлікке рахмет айтамын. Бұл марапаттың бәрі күнделікті жасалған жұмыс пен менің жаттықтырушыларымның көмегі деп білемін. Әрбір жеңістің артында бүкіл команданың еңбегі жатыр, мен ол туралы қашанда айтып жүремін.
 
- Қазақстан боксының кейінгі жылдары екпіндеп келе жатқандығы ешкімге құпия да емес. Сіз өзіңіз біздің еліміздегі №1-ші спорттың дамуында қандай өзгерістерді көресіз?
 
- Бұл туралы мен ғана емес, біз бәріміз – командамыз, жаттықтырушыларымыз бен жанкүйерлеріміз де, және де біздің достарымыз бен басқа елдердегі қарсыластарымыз да көріп отырғандай, Қазақстанда боксқа ерекше назар аударылғанын көріп отырмыз. Әрине, бүкіл спортқа да. Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы да спортшыларды қолдап, спортқа ерекше көңіл бөліп отырғанын бәріміз де білеміз. Және жыл сайын жақсарып жатқаны да сондықтан. Бокс биік шыңда және тұрақты дамып келеді. Біздің жақсы дайындалуымызға барлық жағдай жасалған, біраз жылдан бері бізде дайындалу үшін басқа да құрамалар келуде. Мұндай жағдай кез келген елде жоқ. Әрине, біздің команданың атынан Қазақстанда бокстың дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан, Федерация және Конфедерация президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа, және де демеушілеріміз – «Самрұқ-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» компаниясына алғысымыз шексіз. Біз барлық үміттерді ақтап, елімізді әлемге кеңінен танытуға үлес қосамыз. 
 
 

Ербол Каиров

фото - Данияр Майлыбаев

 
Наверх