Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

18 Ақпан, 2015

Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық конференциясы өтті, онда ұйым басшылары, өңірлік федерациялар президенттері, сонымен бірге құрама командалардың бапкерлері қатысты. 

Конференцияда қазақстан боксы үшін табысты болған, 2014 жылдың қорытындысы жасалды.
 
Инчхонда өткен Азия ойындарында біздің ерлер командасы жалпы командалық бірінші орынды иеленді, мұнда қоржынымызға 6 алтын, 1 күміс пен 1 қола медальдар түсті. Әйелдер арасындағы жарыста – бір күміс және бір қола медальдарды иелендік. Әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде отандық бокстың тарихында алғаш рет Назым Қызайбай алтын медальді жеңіп алды. Чемпионаттың күміс жүлдегері атанған Ләззат Күнгейбаева болды.
 
 
Жастар құрамасы сәуірде Болгарияда өткен Әлем чемпионатында – 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медальдарға қол жеткізді. АИБА-ң «жыл боксшысы» атағы Данияр Елеусінов пен екі жыл қатарынан «жыл бапкері» атағы Мырзағали Айтжановқа бұйырды.  
 
 
Әуесқой және кәсіби бокстың жақсы жақтарын біріктірген, AIBA Pro Boxing жобасы өз жұмысын бастады. 30 қаңтарда Астана қаласында бірінші маусымның финалдық айқасы ашылып, онда Рио-2016 олимпиадасына алғашқы жолдаманы Берік Абдрахманов ұтып алды.  
 
Барлығы 2014 жылы бокстан ҚР ҰҚК-ң қатысуымен өткізілгендер және қамтамасыз етілген:
– ересектер арасында: 8 ОЖЖ және 25 турнирлерде;
– әйелдер арасында: 9 ОЖЖ және 9 турнирлерде;
– жасөспірімдер мен жастар арасында: 7 турнирлерде.
Түркістан және Семей қалаларында спорттық жекпе жек және күш қолданылатын спорт түрлерінің (бокс, күрес, дзюдо, таэквондо, ауыр атлетика) бір үлгідегі жан-жақты дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Қызылорда қаласында ДСК құрылысы жүріп жатыр.  
 
Қазақстан бокс федерациясы басшылығының қатысушылар алдында 2015 жылға арналған міндеттері қойылды.
  
Осы жылы өтетін Азия чемпионаты (шілденің 30-ы мен 11-і аралығында Таиландта өтеді) мен лицензияланған әлем чемпионаты (қазанның 15-і мен 18-і аралығында Катарда өтеді) маңызды болып табылады. 2015 жылы бокстан ҰҚК 13 жаттығу және сауықтыру жиындарын өткізеді және 29 турнирге қатысатын болады.  
Құрама боксшылары WSB сериясының жаңа маусымына және APB жобасына қатысады, екінші серия старты наурыздың аяғы мен – сәуірдің басында белгіленген. 2015 жылы әйелдер құрамасы 11 халықаралық және республикалық турнирлерге қатысуды жоспарлап отыр. 
 
 2015 жылдың маңызды бағыттарының бірі болып табылатын - боксты өңірлерде дамыту мен облыстық федерацияларды жандандыру. Оларға өңірлік спорт басқармаларымен ыстымақтасуды дамыту және демеушілерді белсендірек тарту тапсырылды.  
 

Наверх