Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Әйелдер құрамасы Таиландқа жол тартты

21 мая, 2024

 Қазақстан әйелдер құрамасы лицензиялық турнирге бағытталған екі кезеңдік оқу-жаттығу жиынынан өтті. Алматы облысындағы қос олимпиадалық базада тыңғылықты дайындық жүргізілді. Турнирге қатысатын әр салмақ дәрежесінде Таиландқа аттанатын спортшыларға қосымша төрт боксшыдан қолғабыс етті. Дәл осы оқу-жаттығу жиындары Елдос Сайдалин үшін ұлттық құраманың бас бапкері қызметінде алғашқы қадам жасаған кезі. Сонымен қатар, әйелдер командасының жаттығу процессінде физикалық дамуға арналған бөлім болды.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

Наверх