Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Мұхтархан Ділдәбеков турнирі басталды

24 июня, 2024

Түркістан облысы Төле би ауданында орналасқан “Алматау” спорттық базасында бокстан Сидней Олимпиадасының және Әлем чемпионатының  күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері, ҚР бокс федерациясының вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы ХІІ халықаралық турнир басталды.

Жарыстың ашылу салтанатына көптеген құрметті қонақтар арнайы келді. Соның ішінде Қазақстан боксының жарқын жұлдыздары Ермахан Ибраимов, Болат Жұмаділов, Біржан Жақыпов, Тұрсынғали Еділов және тағы басқа танымал азаматтар қатысты. Сонымен қатар, Мұхтархан Ділдібековтың бұрынғы қарсыласы Алексис Рубалькаба арнайы Кубадан келді.
Ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп: “Қазақта нар тұлғалы батыр деген түсінік бар. Дәл осы сипатқа Мұхтархан Қобыланбекұлы сай келеді. Сіз отандық бокстың дамуына спортшы ретінде де, қазіргі уақытта федерация вице-президенті ретінде де өлшеусіз үлес қосып келесіз”, - деді.
Турнирдің ашылу рәсімінде құрметті қонақтарға құрмет көрсетіліп, шапан жабылды. Белгілі бапкер Тұрсынғали Еділов жас спортшыларға батасын берді.
Халықаралық турнирге 7 мемлекеттен 118 боксшы қатысуда. Қазақстан командасы бірнеше құраммен қатысуда, соның ішінде бірінші нөмірлі боксшылар да, Азия және әлем чемпиондары бар. Бапкерлік кеңес осы турнирде күзде өтетін әлем чемпионатына құрамды жасақтайды. Ал, жарыс жеңімпаздары 28 маусым күні анықталады.
Турнирдің ұйымдастырушылары: Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының бокс федерациялары және Қазақстан бокс федерациясы.
Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

Наверх