Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Международные новости

Жолдама жарысы тәмам: Қазақстанда он лицензия

02 июня, 2024

Таиланд астанасы Бангкокта Париж-2024 Олимпиада Ойындарына бокстан соңғы лицензиялық турнир өз мәресіне жетті.

63.5 келіде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алты жекпе жек өткізді. Шешуші кездесуде ол молдовалық Александру Парасчивті жеңді. Есеп - 5:0

Назым Қызайбай жарыстың соңғы күні солтүстік кореялық Канг Су Хуангтан басым түсті. Кездесу тағдыры соңғы раунда шешілді. Қорытынды есеп - 5:0 . Назым Қызайбай 50 келі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына барады.

Ал, Валентина Хальзова 75 келі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе жекте колумбиялық Ширлейдиз Орозконы 5:0 есебімен жеңді. Бангкоктағы лицензиялық турнирде Валентина Украина, Моңғолия және Колумбия боксшыларынан басым түсті.

Осылайша, бокстан Қазақстан құрамасының еншісінде он лицензия бар: 7 ер және 3 әйел. Ерлер командасы толық құрамда барса, әйелдер командасы үшін бұрын соңғы болмаған нәтиже тіркелді. 

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры

 

 


Наверх