Марина Вольнова Ханты-Мансийск қаласында (Ресей) 22 желтоқсанда аяқталған, мұнай елдер арасындағы бокстан ХІ Әлем кубогінің жеңімпазы атанды. Қола жүлдені Гүлжайна Үббіниязова мен Азат Махметовтер иеленді.
Марина Вольнова, сонымен қатар, Сібірде мұнайды тұңғыш ашқан Социалистік Еңбек ері Фарман Құрбан оғлы Салмановты еске алуға арналған осы халықаралық турнирдің үздік боксшысы атанды.
Қазақстан атынан турнирдің ерлер бағдарламасына Азат Махметов (52 келі) және Жанұзақ Мадияр (56 келі), әйелдер бағдарламасына - Сәния Сұлтанқызы (51 келі), Гүлжайна Уббиниязова (60 келі), Әлия Әбдірайымова (64 келі), Марина Вольнова (75 келі) қатысты.
Бокстан мұнай елдері арасындағы Әлем кубогына әлемнің 14 елінен 120 спортшы қатысты.