азақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін біздің былғары қолғап шеберлеріміз Олимпиада ойындарын қоса, барлық ірі жарыстарда табысты нәтижелерге жетті. Осындай отандық спортта мәртебеге жеткен – ҚР ҰОК-ң вице-президенті Бекет Махмутов жақында 75 жасқа толды.
Өткен бес олимпиадада қазақстан құрамасы 6 алтын, 5 күміс пен 5 қоланы жеңіп алды. Біздің былғары қолғап шеберлеріміз Вэла Баркердің 3 кубогін алып (Олимпиада ойындарында үздік боксшыға берілетін жүлде), осы көрсеткіш бойынша танылған боксшылар державасы – Куба мен Ресейді басып озды. Төртжылдықтың басты жарыстарындағы табысты тартыстардан басқа уақытта боксшылар басқа да айтулы ресми жарыстарда, Азия ойындары сияқты, әлемдік және құрлықтық біріншіліктерде елімізді таныстырды.
Құрлық чемпионаттарында Қазақстан құрамасы 34 алтын алқаны жеңіп алды. Біздің командамыз Азия ойындарында да табысты өнер көрсетіп, ол жақтан да жоғары дәрежелі марапатпен оралды, яғни, осы уақыттарда 10 алтын, 9 күміс және 9 қоланы иеленді.
1999 жылы американың Хьюстон қаласында Болат Жұмаділов алғаш рет біздің елімізге әлем чемпионатының алтын алқасын алып келді. 2003 жылғы (Геннадий Головкин мен Галиб Джафаров) және 2005 жылғы (Серік Сәпиев және Ердос Жанабергенов) әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасы 2 алтын алқаларды жеңіп алды. 2013 жылы Алматыда өткен әлем біріншілігінде біздің отандастарымыз 8 марапатқа, яғни 4 «алтын» алқаны иеленіп, күшті әсер қалдырды. Барлық әлем біріншіліктерінд
Қазақстан боксының барлық аталған табыстарына қатысы бар, олар Қазақстан бокс федерациясын әр жылдары басқарған және оның дамуына қомақты үлес қосқан адамдар: Бекет Махмұтов, Нұрлан Балғымбаев, Ляззат Қиынов, Асқар Құлыбаев, Ұзақбай Қарабалин. Қазір ҚБФ басшысының қызметін жемісті атқарып жатқан Тимур Құлыбаев.
Бекет Махмұтов – еліміздің бірден бір ардақты және беделді спорт үйлестірушісі. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында ол 1996 жылдан 2006 жыл аралығында Халықаралық бокс ассоциациясының (АИБА) алғашқы вице-президенті және ұйымның қаржылық комиссиясының төрағасы, АИБА-ң Азия континенттік бюросының президенті қызметтерін атқарды. Сол кезде бірқатар қазақстандықтар АИБА-ң әртүрлі комиссияларына ұсынылды: төрешілік, техникалық, бизнес-комиссияд
Атап айтқанда, Бекет Сапарбекович кезінде Қазақстан құрамасы үш рет – Атланта-1996 олимпиадасында, Сидней-2000 және Афина-2004 – төртжылдықтың басты жарыстары қорытындысы бойынша күшті командалардың үштігіне кірді.
2009 жылы Қазақстанның дзюдо федерациясына басшылық жасаған Бекет Махмұтов өзін жаңа салада өте жақсы қырынан танытты. Оның осында келуінен біздің елімізде ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионы – Максим Раков, ал 2010 жылы қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов жастар арасында бірінші рет әлем чемпионы атанды. Сол жастардың әлем біріншілігінде біздің командамыз жалпы есепте жоғары екінші орынды иеленді.
Қазақстан дзюдо федерациясы осы беделді маманның басшылығымен халықаралық аренада қомақты жұмыстар атқарды. Яғни, 2010 жылы Бекет Махмұтов азия дзюдо одағының вице-президенті болып сайланды. Біздің еліміз айтулы жарыстар, Әлем кубогін және «Әлемдік шеберлер» жарысы сияқты турнирлерді өткізе бастады. Жоғарыда аталған іс-шаралардың табысты ұйымдастырылуыны
Бекет Махмұтовтың табысты қызметі лайықты құрметті атағын алып келді: 1999 жылы ол «Құрмет» орденімен марапатталса, 2000 жылы «Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері» атағын алды, 2004 жылы «Парасат» орденіне лайықты деп танылды. Ол сонымен бірге Халықаралық бокс ассоциациясының құрмет және Халықаралық дзюдо федерациясының әлем спортының осы түріне қосқан қомақты үлесі ордендерімен марапатталды.
Қазіргі кезде Бекет Махмұтов – ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті, Азия дзюдо одағыныңвице-президенті, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, ҚР Дзюдо федерациясының құрметтіпрезиденті.
20 қаңтарда құрметті спорт ардагері 75 жасқа толды. Еліміздің спорт қоғамы Бекет Сапарбекұлына зор денсаулық тілейді және қазақстан спортын дамытуда әрі қарай да табыстар мен дәріптеулерге жетуіне тілектестік білдіреді!
Ерсайын НҰРҒАЗИН