Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Серік Қонақбаев – АИБА вице-президенті!

14 Қараша, 2014

Кореяның Чеджу  қаласында Халықаралық Бокс ассоциациясының Конгрессінде АИБА-ң басшылық құрамын сайлау өткізілді.

Азия құрлығынан АИБА вице-президенті қызметіне  Халықаралық ассоциация атқару комитетінің мүшесі, ҚБФ-ң төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті  Серік Қонақбаев ұсынылды.
Отандық спорттың аңызы өз мансабында кезекті жеңіске жетті: әлемдік бокс қоғамы АИБА вице-президенті мен Азиялық бокс конфедерациясы президенті қызметтерін біздің отандасымызға сеніп тапсырып, оның кандидатурасын қолдады!  
Серік Қонақбаев өз сөзінде Конгресс делегаттарына көрсетілген сенімі үшін рахметін айтып, бірлескен күш салу арқылы әлемдік боксты жаңа деңгейге шығаруға сенімділік білдірді.
- Сөзсіз, үлкен құрмет. Сонымен бірге – бұл үлкен жауапкершілік. Қазақстанның бокстық ірі мемлекет екенін, экономикасының дамып келе жатқанын, ынтымақтастық пен келісімнің артып келе жатқанын бәрі де біледі.   Еліміз 2017 жылы Халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізеді. Мұнда әрине, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі қор. Қазақстан барлық қырынан дамып келе жатыр, және әлемдік қоғамдастық қазіргі кезде бұл туралы біледі.  Сондықтан да біздің жетістіктеріміз бізге әрі қарай дамуға күш береді, - деп Серік Қонақбаев сайтқа айтты.  
Естеріңізге сала кетейік, Конгреске (13-14 қараша) барлық 198 ұлттық федерациялардың өкілдері қатысты.
Анықтама:
Серік Керімбекұлы Қонақбаев. 25 қазанда Павлодар қаласында туылған. ХХII  Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа (1979, 1981 жылдар) чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері  (1982 ж), Әлем кубогінің жеңімпазы (1979, 1981 жж.), ССРО-ң үш дүркін чемпионы, ССРО-ң еңбегі сіңген спорт шебері.  
2010 жылдан Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті

 

Наверх