Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Сүлейменов – таза жеңіс!

25 Қыркүйек, 2014

 Ілияс Сүлейменов (52 кг) Азия ойындарында алғашқы қарсыласын керемет үлгіде жеңіп шықты.

Ақтық айқастың 1/16 шайқасында біздің отандасымыз «Қазақстан Президентінің Кубогі-2014» қатысушысы - тайлық Чатчай Батдимен кездесті.
 
Ілияс , жекпе жегін ешқандай «теңселусіз» бастады, бірінші нөмірмен агрессивті тәсілмен әрекет етті. Бірінші раундтың өзінде-ақ қазақстандық қарсыласының иегіне дәл соққы жасады. Батди шаршы алаңда нокдаунға түсті.
 
Екінші және үшінші раундтарда Ілияс Сүлейменов қарсыласын басып озып, үш төрешінің де шешімімен жеңіске жетті.
 
1/8 финалда Сүлейменов индонезиялық Хулио Бриамен (27 қыркүйек, кешкі сессия) кездесетін болады.
 
Ертең Инчхон шаршы алаңына келесі қазақстандық сарбаздарымыз шығады:
 
56 кг: Қайрат Ералиев – Джомах Арбаби (Катар). 1/8 финал.
 
81 кг: Әділбек Ниязымбетов – Элдин Госсун (Сирия). 1/8 финал.
 
91 кг-ға дейін: Антон Пинчук – Сергей Паренко (Қырғызстан). 1/8 финал.
Наверх