Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Бауыржан Оспанов – ҚБФ-ң вице-президенті

26 Қыркүйек, 2014
Қазақстан бокс федерациясының облыстық федерациялармен жұмыс жөніндегі вице-президенті лауазымына Алматы облыстық бокс федерациясының президенті Бауыржан Кеңесбекұлы Оспанов тағайындалды.
 
Б. Оспанов 1968 жылы 12 наурызда Алматы облысы Андреевка ауданы Жыланды ауылында дүниеге келді. Алматы энергетика институтын бітірді, техника ғылымдарының кандидаты. Көрнекті қоғам қайраткері, меценат. Үкіметтік наградалармен марапатталған, құрметті атағы бар.
Наверх