АРВ-ң алғашқы семинары
02 Қыркүйек, 2014
Бүгін Бүкіләлемдік бокс академиясында (Алматы облысы, Талғар ауданы) АРВ бағдарламалары бойынша АИБА-ң алғашқы сертификатталған семинары басталды, онда төрешілер, жаттықтырушылар, супервайзерлер, ШТО мамандары – әлемнің 15 елінен барлығы шамамен 160 адам қатысады.
Олардың қатарында отандық мамандар да бар, атап айтсақ, ҚР ҰҚК –ң бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, Нұрғали Сафиуллин, Александр Стрельников, Марат Елеусінов, Марат Жақиев, Сапабек Мұқышев; төрешілер Рақымжан Рыспаев, Наталья Цой, Бақытжан Бекпенбетов және т.б. бар. Семинарға теориялық және тәжірибелік сабақтар енгізілген. Семинар бойынша ойдағыдай емтихан тапсырған қатысушылар, АРВ жарыстарына қызмет көрсету құқығына ие болады.
Іс-шараға АИБА-ң төрешілер мен жаттықтырушылар комиссияларның басшылары - Терри Смит (Уэльс) және Адам Кушер (Польша) мырзалар қатысады.
АРВ-ң тікелей техникалық нұсқауын Аргентинадан келген бір топ мамандар жүргізетін болды. Айта кетейік, Қазақстандық бокс федерациясы АРВ-ы бірінші болып қолдады (АИБА-ң кәсіби боксы). Жаңа жарыста боксшылар 6-8-раундық айқастарда тартысатын болады (болашақта 12-раундық). Серпінді жобалар 24 қазанда басталады. Біздің елімізден алғашқы маусымда әлем чемпионы Біржан Жақыпов (49 кг), Азия чемпионатының финалисті Ілияс Сүлейменов (52 кг), ӘЧ-ң қола жүлдегері Берік Абдрахманов (60 кг), Олимпиада және әлем чемпионаттарының финалисті Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Азия чемпионы Антон Пинчук (91 кг-ға дейін) қатысатын болды.
Қазақстан 60 кг-ға дейінгі салмақ категориясында тартысады. АРВ-ң алғашқы маусымының чемпиондары, олардың аты 2015 жылдың қаңтарында белгілі болады, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия алады.