Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

АИБА-ң жұмылған жұдырығы

02 Қыркүйек, 2014

 Бүкіләлемдік бокс академиясының АИБА - АРВ жаңа жобасы бойынша алғашқы Сертификатталған семинары (Алматы облысы, Талғар ауданы) жалғасып жатыр.

 Естеріңізге сала кетейік, осы іс-шараға төрешілер, жаттықтырушылар, супервайзерлер, ІТО мамандары – әлемнің 15 елінен барлығы шамамен 160 адам қатысады. Семинар қорытындысы бойынша емтихан тапсырған мамандар АРВ жарыстарына қатысуға рұқсат алады.
Теориялық сабақтарға жаттықтырушылар тобына Аргентинадан мамандар шақырылды, олардың қатарында - Фабрицио Луис Ниева, Бенджамин Фабиан Эскалада, Альберто Андрада бар, олар техникалық-тәсілдік құрам, жаттығу, айқастар, спорттық тамақтану, медициналық қызмет көрсету және т.б. туралы түсіндірді. Жаңа жарыста даралыққа сүйену керек: «Сіздер боксшыны қайта жасап алмайсыздар, сіздерге сауатты түрде соған қарай икемделу қажет».
Курсты әзірлеушілердің пікірі осылай болса да, олимпиадалық бокстағы спортшылардың жаттығуы АРВ-дан қатты ерекшеленетін болады, жаттықтырушылар постсоветтік кеңістіктен күшпен дайындық принциптері бойынша көп ерекшелік байқамады. Төрағалық етуші – АИБА комиссиясының жаттықтырушысы Адам Кушер ҚР ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтан қазақстандық команданың күштесетін сабақтарының бірінен мысал келтіруін өтінді. Айтжанов барлық құпияларды ашпастан, әртүрлі он жаттығудан тұратын, айналмалы жаттығуды айтты. АИБА мамандары мен жаттықтырушы-шетелдіктер ықыласпен тыңдады. ..
Жаттықтырушылар семинарының бірінші күнінің күндізгі бөлімін қорыта келе, Адам Кушер қатысушыларға AOB, APB және WSB бокс қолғаптарын бір жұдырыққа жинау керектігін үлгі етті. Оның ерекшелігі сонда, олимпиадалық бокстың қолғаптары «ажырамай» тұрса, ал қалған жарыстарда қолғаптың бауындай бірігіп тұратын болады.
- АИБА-ң жаңа бағдарламасы бәрімізге қызықты болады деп сенеміз, - Халықаралық бокс ассоциациясы жаттықтырушылар комиссиясының басшысы Адам Кушер. – Біз мұның бәрін не үшін ұйымдастырып отырмыз?
Әлемдік боксты жан жақты дамыту керек. Бұрын күшті боксшылар олимпиадалық боксты тастап кетіп, кәсіпқойлыққа ауысып жатты. Біз оларды АИБА-ң отбасында ұстап қалуымыз қажет. Ендігі себебіміз – көрермендер, медиа, демеушілер тарапынан қызығушылықтарын арттыру. Боксшылар мен жаттықтырушыларға өсу үшін жаңа мүмкіндіктер көрсету керек.
- WSB жобасы АРВ-ға дайындық деп атауға бола ма ?
- Иә.
- АРВ-ң бірінші маусымында айқас алты және сегіз раундтық форматта болады. Сіздер қашан классикалық профи-бокстағы 12 раундтық форматқа көшесіздер?
- Екінші маусым кезінде (2015-16 жылдар).
Талгат ИСЕНОВ, фото – Сергей ШТРАК

Наверх