Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Азиядаға баратын әйелдер құрамасының құрамы белгілі болды

29 Тамыз, 2014

 Қазақстанның әйелдер құрамасы Қырғызстанда Азия ойындарына және әлем чемпионатына дайындық аясында өтіп жатқан оқыту-жаттығу жиынын аяқтады.

ҚР-ң әйелдер арасындағы ұлттық құрамасы Ыстық көлде үш апта бойына жаттығуда болды.
 
- Жиын жемісті болды, команда жалпы денелік және функционалдық дайындық жасап, қыздар спаррингтер өткізді. Қыркүйектің 5-і мен 7-і аралығында Щучинскіде Азия Ойындары алдындағы қорытынды жиын өтеді, - деп атап өтті команданың аға жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк.
 
Тәлімгері Азияда ойындарында еліміздің атын қорғайтын спортшы қыздарымыздың атын атады. 51 кг – Жайна Шекербекова (Азия чемпионы), 60 кг – Гүлжайна Үббіниязова, 75 кг – Марина Вольнова (Олимпиаданың қола жүлдегері, ӘЧ финалисті, Азия чемпионы). Құрлықтық ойындарда қатысу тәжірибесі бар -Шекербекова мен Вольнова.
 
Наверх