Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Жүсіпов пен Казаков финалға шықты

24 Тамыз, 2014

 Қазақстанның екі боксшысы Абылайхан Жүсіпов пен Вадим Казаков Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасының  финалына шықты.

Жастар арасында әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов (60 кг) венгр Конью Ричардты 3:0 есебімен, нық сеніммен жеңді. Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Вадим Казаков (81 кг) армениялық Нарек Манасяннан басым түсті, есеп 2:1. Жастар Олимпиадасының боксшылары алтын медальға 27 тамызда бақ сынасады. Жүсіпов финалда кубалық Алаин Лимонтамен кездессе, Казаков жастар арасындағы ӘЧ-2014 финалындағы қарсыласы болгар Благои Найдановпен алтынға таласады. Тағы бір боксшымыз Шалқар Айқынбай (49 кг) Руфат Кусеиновке (Әзірбайжан) жол берді — 1:2. Ол енді ертең жапондық Субары Муратыға қарсы қола жүлдеге таласады. Ертең Нанкин шаршы алаңына 5-ші орын үшін Қытайдың Тайпэй қаласының боксшысы Хсиао-Вэнг Хуангпен бәсекелесетін, Алуа Балқыбекова (51 кг) шығады.
Наверх