Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Айқынбай жеңіліп қалды

25 Тамыз, 2014

 Шалқар Айқынбай (49 кг) Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары қатарына өте алмады.

Үшінші орын үшін айқаста Айқынбай жапондық Субару Муратадан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
 
Алдында Нанкин шаршы алаңына жалғыз Қазақстандық боксшы қызымыз - Алуа Балқыбекова (51 кг) шыққан еді. Біздің отандасымыз бесінші орынға таласта Қытайдың Тайпей қаласынан Хсиао-Вэн Хуангизді 2:0 есебімен жеңді.
 
Ертең Жасөспірімдер Олимпиадасында әйелдер арасында, келесі күні ерлер арасында ақтық айқас өтеді. Біздің еліміздің атынан алтын медаль үшін жастар арасындағы әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов (60 кг) пен жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Вадим Казаков өнер көрсетеді. Жүсіповке кубалық Алан Лимонта, Казаковқа – болғар Благой Найденов қарсы тұратын болды.
Наверх