Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Мүмкіндігін тексерді

30 Маусым, 2014

 Қазақстанның әйелдер құрамасы Крит (Греция) аралындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтайды.

Ресей, Тәжікстан, Молдова мен Греция командаларымен болған бір апталық бірлескен жаттығудан кейін Вадим Присяжнюктің шәкірттері аталған құрамалармен спаррингке (жеңімпаз анықталмайтын, достық кездесу) шықты. ӘЧ-ң қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 кг) ресейлік Каталина Ротарьға, Жайна Шекербекова (51 кг) – ресейлік Светлана Солуяноваға, Дина Жоламан (54 кг) – ресейлік Виктория Гурковичке, Сания Сұлтанқызы (57 кг) – ресейлік Елена Градинарға, Гүлжайна Уббиниязова (60 кг) – Олимпиаданың қола жүлдегері Тәжікстандық Мавзуна Чориеваға, Зарина Цолоеваға (64 кг) – Молдовалық Ирина Сафарова, Олимпиаданың қола жүлдегері Марина Вольноваға (75 кг) – ресейлік Дарья Иванова, Ләззат Күнгейбаеваға (81 кг-дан жоғары) – ресейлік Саида Гамидова қарсы шықты.

2 шілдеде ҚР ҰҚК Қазақстанға қайтып оралады.


Наверх