«Президент кубогінің» бірінші күні
08 Шілде, 2014
Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында ересектер арасында «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі» IV Халықаралық жарысының ашылуы өтті.
Бірінші жарыс күні айқасты аса жеңіл салмақтағы – 49 кг-ға дейінгі боксшылар ашты (үш айқас). Бірінші болып шаршы алаңға шыққандар Қырғызстандық Турат Осмонов пен украиналық Назар Куротчин. Көрші ел боксшысы белсендірек жұмыс істеп, барлық үш төрешінің шешімімен жеңіске жетті.
Жомарт Ержан моңғол Гангарад Ганерденді сеніммен жеңді. Екінші раундта техникалық нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов, өкінішке орай, жолдасының бастамасын әрі қарай жалғастыра алмады. Біздің отандасымыз бен кубалық боксшы Сантьяго Падрон табанды тартыс орнатты, нәтижесінде Бостандық Аралының боксшысы артық балл жинады. 2:1 – Падронның оңай келмеген жеңісі.
ОИ мен ӘЧ-ң қатысушысы Ілияс Сүлейменов (52 кг) Тәжікстандық Зайниддин Ходжамқұловқа мастер-класс көрсетті. 2011 жылғы Азия вице-чемпионы осы жарыста өте күшті күш көрсетті, айқас барысында қарсыласын нокдаунға жіберіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
52 кг-ға дейінгі салмақ категориясындағы кубалық Хорхе Парлай мен тайлық Бутти Чатчай арасындағы тағы да бір айқаста кубалық 2:1 есебімен үстем түсті.
Келесі айқаста республика чемпионы 52 кг-ға дейінгі Әділет Құрметов 2010 жылғы Азияда чемпионы филиппиндік спортшы Рэй Сулударуден 3:0 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстандық Ерлан Тамемов (52 кг) ирак Касим Муртдхеден 1:2 есебімен жеңіліп, келесі айналымға өтпей қалды.
Алматыда өткен чемпионаттың қола жүлдегері Берік Абдрахманов (60 кг) Қырғызстан чемпионы Ақжол Суйланбекұлымен айқаста орташа және жақын қашықтықта жүріп, айқасын нық сеніммен өткізді. Аюдрахманов қырғыз боксшысының күшті соққысын тигізбестен, қарсылық көрсетті. 3:0 – Абдрахмановтың сенімді жеңісі.
Келесі айқаста күтпеген нәтиже орын алды, ол 60 кг-ға дейінгі кубалық Пабло Кармоно мен тәжік Шавкотжон Рахимовтың айқасы еді. «Куба үйретушісі» құрамындағы WSB чемпионы тәжіктен мұндай соққы күтпеген еді, ол аса тәсілді боксшы екенін көрсетті. Рахимов қарсыласын шаршы алаңның төсенішіне құлатты. Ал үшінші раундта нокдаунға жіберіп, барлық үш төрешінің де шешімімен жеңіске жетті.
Қазақстан чемпионы Закир Сафиуллин (60 кг) осындай 3:0 есебімен әзірбайжандық Ариз Ибрагимовты жеңіп шықты. Сафиуллин белсендірек болды, ол нақты және жиірек соққылар жасады.
Келесі айқаста филиппиндік Чарли Суарез (60 кг) ирак Жаббар Аммарды – 3:0 есебімен жеңді.
ҚР құрамасының капитаны, әлем чемпионы Данияр Елеусінов (69 кг) ресейлік Дмитрий Муратовпен айқасының 1-ші раундында нокдауынға түсіп, қатты соққы алды. Алайда, Данияр қарсыласын өзі де бірнеше рет соққылап жіберді.
2-ші раундта Елеусінов қарсыласын үздіксіз соққыға алып, алға шықты. Соңғы үш минутта ерекше белсендірек болып, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Кубалық Ариснодиус Диспэйн – 2013 жылғы әлем чемпионатының финалында Данияр Елеусіновтің қарсыласы – біздің отандасымыз Алмазбек Орынғалиевқа қарсы шықты. Қазақстан құрамасының үшінші нөмірлі боксшысы осы айқаста саналы-еркін қасиетін көрсетті. Әрі қарай Диспэйн шаршаған кейіпте көрінді, бірақ біздің сарбазымыз өзін лайықты ұстап, толығымен жеңілді. Алмазбектің жеңілгеніне (0:3) қарамастан, жанкүйерлер оны қызу қолдап, шығарып салды.
Жарыстың бірінші күнгі соңғы айқасында ОИ, ӘЧ, АЧ Әділбек Ниязымбетов ресейлік Евгений Вороновты 3:0 есебімен нық сеніммен жеңді.