Қазақстанның әйелдер құрамасы Өзбекстан командасын жеңді
06 Маусым, 2014
ҚР-ң әйелдер арасындағы ҰҚК-сы осы күндері АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясында (Алматы облысы, Талғар ауданы), төрт құраманың қатысуымен өтіп жатқан халықаралық кездесу шеңберінде Өзбекстан құрамасымен барлық жекпе жекте жеңіске жет
Жеңіске жеткендер Алина Тұрлыбаева (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Сәния Сұлтанқызы мен Жанна Баскаева (57 кг), Гүлжан Уббиниязова (60 кг), Азия ойындарының қола жүлдегері Саида Хасенова (64 кг), Гаухар Ермекбай (69 кг), Анастасия Рылина (75 кг). Уббиниязованың жекпе жегінде ғана есеп 2:1 болды, ал басқа айқастарда Вадим Присяжнюктің шәкірттері 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Екінші кездесуде Ресей Моңғолияны 6:4 есебімен жеңіп шықты.
Еске салсақ, кеше қазақстандық қыздар моңғол қыздарын жеңіп, ал ресейліктер өзбектерден басым түсті.
Ертең халықаралық кездесудің соңғы күні отандастарымыз ресейліктермен бақ сынасады, олардың арасында әлем және Еуропа чемпионы Олеся Гладкова сияқты күшті сарбаздары бар.