Қазақстанның әйелдер құрамасы – үш жарыста үш жеңіс
07 Маусым, 2014
Қазақстанның әйелдер құрамасы АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясында (Алматы облысы, Талғар ауданы) төрт құраманың халықаралық кездесуі аясында 7:2 есебімен Ресей командасын жеңді.
ҚР ҰҚК тәлімгері Вадим Присяжнюк шаршы алаңға үздіктерді – соңғы республика біріншілігінің жеңімпаздарын шығарды. ӘЧ-2012 қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 кг) Екатерина Пинигинаны 3:0 есебімен, Дина Жоламан (54 кг) - Лилия Аетбаеваны 2:1, ГүлжанУббиниязова (60 кг) - Наталья Шадринаны 3:0, Зарина Цолоева (64 кг) - Александр Ординаны 2:1, Дариға Шакімова (69 кг) - Саадат Абдуллаеваны 3:0, ОИ қола жүлдегері Марина Вольнова (75 кг) - Екатерина Надолинскаяны 3:0, Ләззат Күнгейбаева (81 кг-дан жоғары) – Саида Гамидованы 3:0 есебімен жеңді.
Жанна Баскаева (57 кг) Елена Градинардан 1:2есебімен, Мөлдір Базарбаева (81 кг-ға дейін) Любовь Пашинадан 0:3 есебімен жеңілді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы халықаралық кездесуде барлық қарсыластарынан жоғары көрсеткіштерге жетті.
Кездесудің келесі күні Моңғолия командасы Өзбекстан құрамасын ұтты.
Естеріңізде болса, АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясында жекпе жекке шыққан, аталған елдердің әйелдер командалары алғашқылардың бірі болды.