Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Академиялық шаршы алаң

05 Маусым, 2014

 АИБА-ң Бүкіләлемдік бокс академиясының шаршы алаңында (Алматы облысы, Талғар ауданы) дебюттік жекпе-жек басталды. Бүгін – Қазақстан, Моңғолия, Ресей мен Өзбекстанның әйелдер құрамасының қатысуымен халықаралық кездесудің басталған күні

Моңғол қыздарына қарсы тұрған кезде Вадим Присяжнюктің шәкірттері жеңіп шықты. Жеңіске жеткен ӘЧ-2012 қола жүлдегері Назым Қызайбай мен Алина Тұрлыбаева (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Оксана Королева (57 кг), Алуа Абдрайымова мен Фируза Шарипова (60 кг), Зарина Цолоева (64 кг), Дариға Шәкімова (69 кг),ОИ-ң қола жүлдегері Марина Вольнова мен Анастасия Рылина (75 кг). Сәтсіздікке Жанна Басқаева (57 кг) мен Ұлбосын Әлменова (60 кг) ұшырады.
 
Жекпе-жектердің алдында жылдың ең маңызды жарысы – Азия ойындары мен әлем чемпионатына дайындық аясында қткізілген, оқу-жаттығу жиыны болып табылады.
 
Екінші күнгі кездесуде Ресей құрамасы Өзбекстанды 7:3 есебімен ұтты.
 
6 маусымда ҚР-ң ұлттық командасы өзбек қыздарынан сынақ алып, 7 күні ресейліктермен күш сынасады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Бүкіләлемдік академия әлемде осындай алғашқы оқыту-спорттық кешені болып табылады.

Наверх