Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстанның үлкен жеңісі

03 Маусым, 2014

Бүгін Алматыда аяқталған, әскерилер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы бұлтарыссыз жеңіске жетті.

Әскерилер ұлттық құрамасының тәлімгері Дәурен Жолдасовтың барлық боксшылары жүлдеге ие болды. Олжас Байниязов (49 кг) шешуші айқаста Еуропа чемпионатының финалисті ресейлік Бэлик Галановты 3:0 есебімен жеңіп, Олжас Саттыбаев (52 кг) – маррокалық Абделали Дарраны – 3:0, Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ералиев (56 кг) – алжирлық Фахема Хаммачиді – 3:0, Бекман Сойлыбаев (60 кг) – қытайлық Хя Лингджиді - 3:0, Бобыржан Момынов (75 кг) – бразилиялық Педро Лиманы – 3:0, Асқар Абдуллаев (91 кг-ға дейін) – италиялық ФабиоТурчиді – 3:0, Қамшыбек Қоңқабаев (91 кг-дан жоғары) – бразилиялық Рафаэля Лиманы – 3:0 есебімен жеңіп шықты.
 
Қазақстандықтардың ішінен финалда Арман Рысбек (81 кг) Голландиядан келген күміс жүлдегер ЧЕ Петер Мюлленбергтен 0:3 есебімен жалғыз өзі жеңілді.
 
64 кг-ға дейінгі салмақта моңғол Батаарсуг Чинзориг («қола» Елдос Сарқұловтың есебінде), 69 кг-ға дейінгі салмақ категориясындағы - француз Алексис Вастин (үшінші Сағадат Рахманқұлов болды) үздік деп танылды. Ералиев, Рахманқұлов, Абдуллаев пен Қоңқабаев ҚР ҰҚК-ң мүшесі болып табылады.
 
Осылайша, 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болған ҚР командасының көрсеткіші турнирде бірінші орынға ие болды. Осыдан төрт жыл бұрын АҚШ-та еліміздің әскери құрамасы жалпы есепте жеңген болатын, шындығында ол кезде бізде екі награда жоғары абырой наградасы болды.
 
Еліміз командасы үшін аталған салтанат әртүрлі әлем біріншіліктерінде қатарынан үшінші рет болып отыр. Өткен жылы ұлттық құрама ересектер арасында әлем чемпионатында жеңіске жетті, осы жылы жастар жеңіске жетті.
 
Әскерилер арасындағы 55-ші әлем чемпионаты ҚР-ң алғашқы сыртқы істер министрі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналды. Мұнда Қазқхстаннан, Колумбия, Франция, Шри-Ланка, Бразилия, Оңтүстік Кореядан, Алжирден, Марокко, Германия, Моңғолия, Италия, Қытай, Ресей, Голландия, БАӘ, Тунис, Грузия, Ирак пен Нигериядан 122 боксшы қатысты.
 
 
Наверх