Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Тартылыс орталығы

02 Маусым, 2014

 Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Түркістан қаласында Наурыз мерекесінің алдында ашылған, «Тарлан» спорттық жекпе-жек пен спорттың күш қолданылатын түрлерінің әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды.

Облыс және федерация басшылары қала, спорт қоғамы басшыларының алып жүруімен спорт және жаттығу залдарын аралады, спортшыларды даярлау бағдарламасымен танысты. А.Мырзахметов пен Т.Құлыбаев бокс федерациясының іске асырып жатқан бағдарламасының нәтижесіне риза болып, құрылысының сапасына, оқыту-жаттығу үдерістерінің ұйымдастырылуы мен жабдықталуына жоғары баға берді. «Тарлан» – бұл Түркістандағы осындай бірінші спорт нысаны, мұнда спортпен шұғылдануға арналған ең заманауи жағдайлар жасалған, және де ол сөзсіз, жастардың «тартылыс орталығына» айналады. Осыған орай, Спорттық жекпе-жек және спорттың күш қолданылатын түрлері конфедерациясы мен Қазақстан бокс федерациясының өңірлердегі спорттың инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламасын іске асырудың маңыздылығы, спортпен шұғылданушылардың бұқаралығын арттыратын, сонымен бірге әлеуметтік тұрғыда – жастардың өз талантын көрсетіп, мүмкіндігін іске асыратын, олардың бос уақытын ұйымдастыратын орын ретінде қарастырылады.
 
Қазіргі кезде «Тарлан» спорт кешенінде 150-ден аса бала 8 бокс, дзюдо және таэквондо секцияларында жаттығады, жаттығамын деушілер саны да артып келеді. Жас спортшылар қонақтарға сыйлық әзірледі, ол – спорт ойындарының көрсетілімі. Балалар шаршы алаңда өз ептіліктерін көрсетті.
 
Облыс және бокс федерациясы басшылығымен «Тарлан» кешеніне бару аясында Асқар Мырзахметов пен Тимур Құлыбаевтың қаланың ақсақалдар алқасымен кездесуі болды. Кездесу барысында ардагерлер өңір және федерация басшыларына жастарды тәрбиелеудегі ықыластарына, өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде жасалып жатқан жағдайлар үшін алғыс айтты. Ақсақалдар осындай маңызды істе әрі қарай да табыстарға жетуге, облыс спортшыларының республика бойынша үнемі алдыңғы қатарда болуына тілектерін білдірді, ал әкімшілік пен федерацияның ынтымақтастығы жаңа жетістіктерге жетуге алғышарттар тудыратыны сөзсіз.
 
Наверх