Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

«ChemistryCup» турнирінде қазақстандықтар 1 «алтын» мен 3 «күмісті» жеңіп алды

31 Мамыр, 2014

 Әділбек Ниязымбетов (81 кг) Галле қаласында өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші күміс медальді әкелді.

 Әлем чемпионаты мен олимпиада ойындарының финалисті «ChemistryCup» турнирінің шешуші жарысында Еуропа-2011 чемпионы, ӘМ-2013 қола жүлдегері, белсенді ирландиялық Джо Уардпен кездесті. Уард 2:1 есебімен жеңіп шықты.

 
Осылайша, ҚР ҰҚК-ң «ChemistryCup» турниріндегі нәтижесі – 1 алтын мен 3 күміс жүлделер. Алдында 52 кг-ға дейінгі салмақта Ілияс Сүлейменов үздік атанса, құрмет тұғырында екінші орынға шыққан Теміртас Жүсіпов (49 кг) пен Берік Абдрахманов (60 кг). Аталған боксшылардан басқа, Галледе еліміздің атынан Алмасбек Әлібеков (64 кг) пен Рустам Сваев (75 кг) шықты.
 
Барлығы Халықаралық турнирде 17 елден 106 спортшылар қатысты.
 
Төменде біз «шағын әлем чемпионатының» Қазақстандық жеңімпаздары тізімін жариялаймыз:
 
1995 – Василий Жиров
 
1996 – Болат Жұмаділов, Василий Жиров
 
1997 – Болат Жұмаділов, Серік Өмірбеков
 
1998 – Ермахан Ыбрайымов
 
2001 – Бауыржан Қайырменов
 
2005 – Серік Сәпиев, Бақыт Сәрсекбаев
 
2006 – Галиб Джафаров, Қанат Ілиясов
 
2007 – Серік Сәпиев, Ердос Жаңабергенов
 
2012 – Серік Сәпиев
 
2013 – Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов
 
2014 – Ілияс Сүлейменов
 
Наверх