Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Сүлейменов – чемпион, Жүсіпов – күміс жүлдегер

31 Мамыр, 2014

 Теміртас Жүсіпов (49 кг), өкінішке орай Галле қаласында (Германия) өткен «ChemistryCup» халықаралық турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Бііздің боксшымыз шешуші жарыста қолынан келгеннің бәрін жасады, бірақ оның қарсыласы Оңтүстік Кореяның боксшысы Джонгун Шин көп ұпай жинап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осы айқастағы ең қызығы екі боксшыда Азия чемпиондары: Шин 2011 жылдың ең үздік құрлықтағы боксшы болса, ал Жүсіпов – 2013 жылғы үздік боксшы. Джонгун Лондонда өткен Олимпиадаға қатысып, тәжірибесі бар боксшы.
 
«Алтын» Галледа өтіп жатқан жарыстың финалында еліміздің жалғыз өкіліне, төменгі салмақтағы боксшымызға, ал 52 кг-ға дейінгі салмаө категориясы арасында бірінші орын біздің отандамысызға бұйырды. Ілияс Сүлейменовтің қарсыласы – молдавалық Александр Рыскань шаршы алаңға шықпады, ал қазақстандық бірден жеңімпаз атанды.
 
Алдымызда әлі Берік Абдрахманов (60 кг) пен Әділбек Ниязымбетовтің (81 кг) айқастары бар.
 
Наверх