Бүгін Қазақстан құрамасы Галле қаласында (Германия) «ChemistryCup» халықаралық беделді турнирінде өз ойындарын көрсетті.
Біздің командадан бірінші болып рингке шыққан ҚРЧ-2013 финалисті - Рустам Сваев (75 кг) болды. Өкінішке орай, ол жарыста 1:2 есебімен WSB айқастарында тәжірибесі бар, неміс боксшысы Хек Паскалиден ұтылып қалды.
Бүгін кешке екі қазақстандық боксшыларымыз айқасқа түседі, олар: әлем чемпионатының қола жүлдегері Берік Абдрахманов (60 кг) және соңғы әлем чемпионатының финалисті Әділбек Ниязымбетов (81 кг). Біріншісіне неміс боксшысы Адке Гаши, ал екіншісіне даттық боксшы Раджаб Сарвари қарсы тұрады. Атап өтейік, Абдрахмановтың салмағына қарсы келетін Оңтүстік Кореяның өте күшті боксшысы, Олимпиада-2012 финалисті Сун Чул Хан.