Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Әскерилер арасындағы бокс. Бүгін Алматыда әскерилер арасында бокстан әлем чемпионаты басталды

27 Мамыр, 2014

  Бүгін Алматыда «Достық» спорт кешенінде әскерилер арасында бокстан әлем чемпионаты басталып, ол 4-ші маусымға дейін созылады.

ҚР-ң бірінші сыртқы істер министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған әлем біріншілігіне біздің елдің құрамасынан басқа, Колумбия, Франция, Шри-Ланка, Бразилия, Оңтүстік Корея, Алжир, Марокко, Германия, Моңғолия, Италия, Қытай, Ресей, Голландии, БАӘ, Тунис, Грузия, Ирак және Нигерия командалары да қатысады.

 
Қазақстаннан жарыста құрамында төрт мүшесі бар еліміздің ұлттық құрама командасы қатысатын болады. Олар Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ералиев (56 кг), ҚРЧ—2013 жеңімпазы Сағадат Рахманқұлов (69 кг), ҚРЧ-2013 финалисті Асқар Абдуллаев ( 91 кг-ға дйін) және ҚРЧ-2013 қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев (91 кг-дан жоғары).
 
Біздің отандастарымыз әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде бірнеше рет жеңістерге жеткен. Атап айтсақ, 2004 жылы Серік Сәпиев чемпион атанды. Ал 2010 жылы Джэксонвилл қаласында (Солтүстік Каролин, АҚШ) Қазақстан командасы Талғат Бердыбековтің басшылығымен жалпы есепте жеңіске жетіп, 2 алтын (Берік Абдрахманов, Мерей Ақшалов), 3 күміс (Ілияс Сүлейменов, Аслан Мұқанов, Ердос Жаңабергенов) және 4 қола (Шыңғыс Бердыбеков, Нұрбота Сейітбек, Қамшыбек Қоңқабаев, Руслан Мырсатаев) медаль иегерлері атанды.
 
– Отандық бокс мектебі бай дәстүрімен ерекшеленеді, және біз лайықты өнер көрсету үшін барлық мүмкіндіктерімізді жасаймыз, - деп атап өтті әскери ұлттық құраманың тәлімгері Дәурен Жолдасов. – Жарысқа дайындық жоғары дәрежеде өтіп жатыр. Біздің командамызда ұлттық құраманың боксшылары да бар, яғни біз өз іс-әрекетімізді олардың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановпен келісіп алғанбыз.
 
Қазақстанның басты қарсыластары - күшті құрамасымен ерекшеленетін, Бразилия, Ресей мен Моңғолия болып табылады.
 
Иә, төрт жыл бұрын Солтүтік Каролинде біздің сарбаздар әлем чемпионатында жеңіске жетті, бірақ мен әлем біріншілігінде бола алмадым, мен сол команданы құрамдаумен айналыстым. Қазіргі кезде өз жерімізде сол нәтижеге жетіп, қазақстан боксының жоғары беделін өз кезегінде биікке шығаратынымызға сенеміз.
 
Наверх