Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Мырзағали Айтжанов: Азиадада көрсеткіштерді жақсарту керек

26 Мамыр, 2014

Еліміздің басты командасы бүгін кешке әлемнің мықты қатысушылары қатысатын, сондықтан да «шағын әлем чемпионаты» деп аталатын, «ChemistryCup» халықаралық турниріне қатысу үшін Галле қаласына (Германия) аттанады. Жауапты мәре қарсаңында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Қазақстан бокс федерациясының сайтына сұхбат берген еді.    

 – Жақында команда сіздің басшылығыңызбен Хабаровскідегі дәстүрлі халықаралық турнирге қатысып, тоғыз марапатқа ие болды, оның ішінде екеуі алтын.

– Өткен жылы Коротков турнирінде біз жеті алтынды қанжығамызға байлаған едік, ол кезде өз салмақ категорияларының көшбасшылары қатысқан болатын. Қазір алдыңғы қатардағылардан Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) пен Антон Пинчук (91 кг-ға дейін) қана қатысты. Дегенмен, команда барлық категорияларда марапатқа ие болды, құрмет тұғырына шықпаған Дархан Жұмсақбаев (60 кг) қана болды. Құрамада жаңа келгендердің көптігіне қарамастан,  тартыс жалпы табысты өтті.  Жомарт Ержан (49 кг), Әділет  Құрметов (52 кг), Ержан Ордабаев (56 кг) сияқты боксшыларымыз «бейімделуден» жақсы өтті. Олардың болашағы зор.  
Кейбір салмақтарда ресейліктер бірінші нөмірлі боксшыларын – Еуропа чемпиондарын, түрлі айтулы жарыстардың жеңімпаздарын шығарды. Шаршы алаң иелеріне қарсы тұру оңай болмады, бірақ біздің сарбаздар толығымен ақтап шықты.   
91 кг-ға дейінгі салмақ категориясы құрамада маңызды мәселе екенін айта кетуім керек, бірақ біз Пинчуктің мүмкіндіктеріне сенеміз.  
Көктемде Финляндия мен Албаниядағы турнирде осы салмақтағы тағы да екі боксшымыз  Асқар Абдуллаев пен Алексей Севостьянов тексерілді. Жалпы алғанда, 91 кг-ға дейінгі салмақ категориясы әлі де болса белгісіз.  
Жәнібек Әлімханұлы Коротков турниріндегі жоғары дәрежедегі айқас өткізді.  Олар ақырындап ырғаққа кіріп, өз қалыптарын жинап келеді. Бұл оған «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогінен» «7-14 шілде, Алматы) кейінгі  осы жылдағы екінші халықаралық турнир. Әлімханұлы өз қалпының шыңына жетіп, соңында Азиадада лайықты өнер көрсетіп, алтын медальді алады деп үміттенеміз.  
Хабаровскідегі екінші жеңімпазымыз – Нұржан Бекзатов – ауыр салмаққа әлі жас, оған көп жұмыс істеу керек. Бекзатов пен Қамшыбек Қоңқабаев құраманың көшбасшысы, ауыр салмақты Иван Дычкоға жап жақсы ізбасарлар болатынына сенеміз.  
– Дычко осы мерзімде Ташкентте Сидней Джаксонның мемориалында бірінші болды.
– Көп адамдар менен «оның шаршы алаңға қашан шығатыны туралы» сұраған еді. Мен осы бокста көпті көрдім, сондықтан да оның Алматыда өткен әлем чемпионатының финалындағы ауыр жеңілісін ескеріп, Иванның шаршы алаңға қайта оралуын тездетпедім. Бокстан дем алуға жарты жыл уақыт бердім. Қысқасы, ол төртінші айда былғары қолғабын қайта киді. ҚР Президенті Кубогінен кейін ол өз қалпына келді, әрі қарай Азиадаға бару үшін барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, ең үздік атануы тиіс. Ол үшін оның барлық қасиеттері бар. Ол жігерлі, талапты және тәртіпті сарбаз.    
–  Галледе өтетін турнирге дайындық қалай өтіп жатыр?
– Бокстың бүкіләлемдік сериясында өнер көрсеткен құрама мүшелеріне сайысқа лайықты тәжірибе керек.  Теміртас Жүсіпов (49 кг), Ілияс Сүлейменов (52 кг), Берік Абдрахманов (60 кг), Данияр Елеусінов (69 кг) пен Әділбек Ниязымбетов (81 кг) – олардың ешқайсысы да осы жылы олимпиадалық боксқа қатысып көрмеген. «Астана Арланс» үшін бір ғана сайыс ұлттық команда құрамындағы толық дайындықтың орнын толтыра алмайды. Сондықтан да Арландар үшін айқасып жүрген жігіттерге өткеннің орнын толтыру керек. Германияға келесі құрам барады:    Теміртас Жүсіпов, Ілияс Сүлейменов, Берік Абдрахманов, Алмасбек Әлібеков (64 кг), Рустам Сваев (75 кг), Әділбек Ниязымбетов. Құраманың капитаны Данияр Елеусіновті турнирден босаттық, ол ҚР Президенті Кубогіне қатысады.  
– Өткен жылы сіздің команда Азия мен әлем чемпионаттарында рекордтар жасап, осы жарыстарда бірінші орындарды алған еді. Азия ойындарында сіздердің алдарыңызда бір ғана мақсат  тұрады, ол ең жоғарғы ма?  
– Біз тырысатын боламыз. 2006 жылы өткен Азиадада Қазақстан бокстан бір алтын алса, төрт жылдан кейін – екеу алды. Көрсеткіштерімізді көтеруіміз керек.
– Ал Рио-де-Жанейрода Олимпиаданың бокс турнирінің жалпы есебінде жеңіске жете аласыздар ма?
– Біз жігіттерді психологиялық тұрғыдан міндеттемейміз, бірақ Лондонда өткен Олимпиададан кейін олардың алмайтын қамалы жоқ деп көңілдендіріп қоямыз. Неге солай болмасқа? Біз бокс державасын бай дәстүрмен көрсетеміз. Қазақстан бокс федерациясы тек бізге ғана осындай керемет жағдай жасап жатқан жоқ, барлық ұлттық командаларға – жастар, жасөспірімдер, әйелдер командаларына да өте жақсы жағдайлар жасап жатыр. Өңірлерде толыққанды даму жүріп жатыр. Біз бәріміз де отандық бокстың жоғары санатында болуымыз қажет.    
– Биылғы жылды ҚБФ «Жаттықтырушы жылы» деп жариялады. Сіз үшін Қазақстан боксының тәлімгері болу қаншалықты маңызды?  
– Біріншіден елімнің патриотымын. Өз кезінде біздің ата бабаларымыз елін қорғап, осындай батырлар тәрбиелеген. Біз де Отанын қорғайтын, рухы мен тәні мықты азаматтарды тәрбиелеп жатырмыз. Біз тек қана епті сарбаз емес, өмірде де үлгі болатындай парасатты адамдар дайындауға тырысып жатырмыз.   
Наверх