Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Ділдәбековтің жүлдесіне арналған турнир аяқталды

18 Мамыр, 2014

 Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында Олимпиада ойындарының жеңімпазы және әлем чемпионы, Азиада чемпионы, әлем біріншілігінің бірнеше мәрте медаль иегері Мұхтархан Ділдәбековтің  жүлдесіне арналған ІІІ халықаралық турнир аяқталды.   

Жарысқа Қазақстаннан, Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан 1999-2000 жылдары туған боксшылар қатысты. Қазақстандық сарбаздар республиканың көптеген өңірлерінен, және ОҚО-ң барлық аудандарынан келді. 
Халықаралық турнирде көп марапаттарды біздің отандастырмыз, атақты ауыр салмақты боксшымыз басшылық жасайтын  бокстан облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің тәрбиеленушілері турнирде жоғары бағалы 3 ммарапатты жеңіп алды.   
- Жарысқа мықты командалар қатысты, мысалға, ақтық мәреге үш сарбазы шыққан, Дагестан құрамасын айтуға болады.
Қазақстандық спортшылар жас кездерінен отандық бокс мектебіне тән, техникалық әдістермен қаруланған.
Мұхтархан Ділдәбеков қсіп келе жатқан жеткіншектерге тек қана шаршы алаңда емес, өмірде де үлгі бола алады. 
Турнирді ұйымдастыруда көрссеткен көмегі үшін спорттың қамқоршысы Жақсылық Исабековке ризашылығымды білдіремін.
Біз осындай жарыстарды облыстың әртүрлі аудандарында, оның көптеп дәріптелуі үшін өткіземіз, - дейді бокстан ОҚО бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі директорының орынбасары Сейітжан Жанысбаев.
Наверх