Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Серік Қонақбаев жүлдесіне арналған мерейтойлық халықаралық турнир өтті

18 Мамыр, 2014

 Павлодарда ССРО-ң еңбегі сіңген спорт шебері, Еуропаның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің екі дүркін иегері, 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевқа арналған ХХ Халықаралық жарыс өтеді.  

 Мерейтойлық жарысқа 13 мемлекеттен 130 спортшы қатысады.  
Нәтижесінде марапатты жеті мемлекеттен келген боксшылар, ал жоғары сынамалы медальді  төрт елден келген боксшылар алды. 
 Жарыстың бас төрешісі – бокстан бірінші қазақстандық әлем чемпионы, AIBA халықаралық категориясының төрешісі  Валерий Рачков (Ресей).
Жарыстың құрметті қонақтар қатарында еңбегі сіңген спорт шебері, әлем чемпионы, Әлем кубогінің иегері, Еуропа чемпионы  Исраэль Акопкохян, Еуропа чемпионы, еңбегі сіңген спорт шебері Петр Галкин, с1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы Виктор Демьяненко, Санкт-Петербурга бокс  федерациясының президенті Максим Жуков, еңбегі сіңген спорт шебері, олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Александр Лебзяк, әлемнің жеті дүркін чемпионы,  ССРО-ның еңбегі сіңірген спорт шебері Орзубек Назаров, Украина Ұлттық бокс федерациясының президенті  Владимир Продивус, еңбегі сіңген спорт шебері, әлем чемпионы, Еуропа чемпионы Игорь Ружников, ССРО чемпионы Степанов Владимир, Белорус бокс федерациясының төрағасы  Дмитрий Тихомолов.
- Кубаға Серік Қонақбаев өте танымал, халық оны мәскеу Олимпиадасынан кейін біздің Хосе Агилармен жұдырықтасып, жеңіске жеткеннен соң ерекше жақсы көреді. Біз үшін оның атынмен өтетін турнирге қатысу үлкен құрмет, сондықтан біз екінші жыл Қазақстанға келдік, - дейді Куба командасының жаттықтырушысы  Хуан Тиссер.
 
С.Қ.Қонақбаев жүлдесіне арналған ХХ ХТ жүлдегерлері:
49 кг: 1. Хасан Насер (Ирак), 2. Ақниет Балтабаев (Қарағанды), 3. Сантьяго Амадор (Куба) және Рашид Салауатов (Атырау).
52 кг: 1. Азат Махметов (Астана), 2. Аброржон Кодиров (Өзбекстан), 3. Қуаныш Сабыр (Павлодар) және Нұрғазы Жүсіпов (ҚР ҰҚК).
60 кг: 1. Абдулла Нұрғалиев (Қарағанды), 2. Шохрух Хожабеков (Өзбекстан), 3. Жақсылық Ілиясов (ШҚО) және Ради Армандо (Куба).
64 кг: 1. Руслан Мадиев (Қарағанды), 2. Әсет Қасым (Моңғолия), 3. Мәулен Өскенбек (Маңғыстау) және Кэвин Браун (Куба).
69 кг: 1. Мадияр Ашкеев (Астана), 2. Қанағат Маралов (ШҚО), 3. ОлжасТортогулов (Моңғолия) және Айдар Ташев (Павлодар).
75 кг: 1. Мейірім Нұрсұлтанов (Астана), 2. Абдулхидра Вахид (Ирак), 3. Нұрзат Собиров (ОҚО) және Рустам Жұмағұлов (Қостанай).
81 кг: 1. Шаймурат Құсайынов (Павлодар), 2. Илья Сомов (Ресей), 3. Нұрбол Алтаев (ОҚО) және Эрик Хенрикссон (Швеция).
До 91 кг: 1. Юнис Джастиз (Куба), 2. Ричардз Гобриэль (Швеция), 3. Алмат Серімов (ҚР ҰҚК) және Серік Мұсаділов (Павлодар).
91 кг-ден жоғары: 1. Комран Мехтиев (Әзірбайжан), 2. Олжас Бұқаев (Павлодар), 3. Сайран Смайлов (Ресей) және Сергей Гончаров (Павлодар).
Техникалық жағынан үздік боксшы танылған Шаймұрат Құсайынов болды.
Наверх