Албанға сапар сәтті болды
18 Мамыр, 2014
Қазақстандық боксшылар Шкодер (Албания) қаласында аяқталған «Влазнианы еске алу» ХІ халықаралық турнирінде 3 алтын, 1р күміс медаль жеңіп алды.
Әлем чемпионы Біржан Жақыпов (49 кг), Жанболат Тілегенұлы (56 кг) және Алексей Севостьянов (91 кг) турнир жеңімпазы атанды.
Жақыпов ақтық сайыста біздің ұлттық құрама командамыздың басқа мүшесі Ерлан Тамемовты жеңіп, Тілегенұлы албандық Мауро Каниден басым түссе, Севостьянов черногорлық Марио Радоничті басып озды.
Қазақстан құрамасы Албанияға бес боксшысын алып барған болатын, 64 кг-ге дейінгі салмақта Алмасбек Шымбергенов өнер көрсетті. Құраманың командалық жаттықтырушысы ретінде Александр Стрельников барды.
Турнирге 7 елден 28 спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасының келесі кездесетін жері, жылдың басты мәресі – жазғы Азия ойындары өтетін – немістің Галле қаласы, мұнда мамырдың 26-ы мен маусымның 1-і аралығында «ChemistryCup» аса айтулы халықаралық турнирі өтеді.