Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Хабаровскіден алған тоғыз медаль

18 Мамыр, 2014

  Қазақстан құрамасы Хабаровскіде Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық жарысында  2 алтын, 4 күміс және 3 қола медальдарды жеңіп алды. 

Бүгін жарыстың финалында ҚР ұлттық командасының алты мүшесі жарысқа түсті. Өз салмақ категорияларында үздік болған әлем чемпионы  Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Нұржан Бекзатов (91 кг жоғары). Әлімханұлы шешуші айқаста 3:0 есебімен ирандық Арагидалга Яхангирді жеңіп шықты, Бекзатов осындай нәтижемен венгрлік  Иштван Бернаттан басым түсті.

ҚР Ұлттық құрама командасының басқа да мүшелерінің айқастарына келсе, Хабаровскіде өткен жарыстың ақтық мәресінде Жомарт Ержан (49 кг) Ресейдің бірнеше мәрте чемпионы Василий Егоровтан – 0:3 есебімен, Әділет Құрметов (52 кг) ҚХДР-ң боксшысы Ли Чунг Лидан – 0:3 есебімен ұтылса, Айдар Әмірзақов (64 кг) пен ресейлік Виктор Миргородтың айқасында есеп 2:1 болып, соңғысының пайдасына шешілді, ал   Дәурен Елеусінов (81 кг) осындай нәтижемен Еуропа чемпионы ресейлік Никита Ивановқа тізгінді беріп қойды.
Сонымен бірге, бүгін Ташкенте Сидней Джаксонның халықаралық жарысында Өзбекстан құрамасының бірінші нөмірі Мирзохиджон Абдуллаевпен қазақстандық ауыр салмақты боксшы  Иван Дычко жұдырықтасады, ал «Влазнианы еске алу» (Шкодер, Албания) халықаралық жарысының  шешуші кездесуінде қазақстандық төрт боксшы өнер көрсетеді. 49 кг дейінгі салмақ категориясында әлем чемпионы Біржан Жақыпов пен Ерлан Тамемов, Жанболат Тілегенұлы (56 кг) албандық Мауро Кани, Алексей Севостьянов (91 кг дейін), черногориялық Марио Радоничпен кездеседі.
Наверх