Дычконың табысты бастамасы
17 Мамыр, 2014
Қазақстандық Иван Дычко (91 кг-дан жоғары) бүгін Ташкентте өтіп жатқан, Сидней Джаксонды еске алуға арналған халықаралық жарыстың ақтық мәресіне шықты.
Финалдың ширегінен кейін Дычко әзірбайжандық Асеф Асланлыны басып озып, өзбек боксшысы Баходыр Джалоловпен айқасқа түсті. Біздің ауыр салмақты боксшымыздың онымен айқасы еш қиындық туғызған жоқ, есесіне Дычко осы айқаста 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Ертең Қазақстаннан келген Лондон олимпиадасының және әлем чемпионаттарының жүлдегері, Джаксонды еске алу халықаралық жарысының финалында өзбекстан құрамасының бірінші нөмірлі боксшысы, Алматыда өткен әлем чемпионатының қатысушысы, бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы, оның ішінде Галледе өткен «шағын әлем чемпионатының жеңімпазы Мирзохиджон Абдуллаевпен бақ сынасатын болады.