Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Дычко жартылай финалда

16 Мамыр, 2014

 Қазақстан құрамасының негізгі ауыр салмақты боксшысы Иван Дычконың бірінші айқасы Алматыда өткен әлем чемпионатынан кейін табысты өтті.  

 Бүгін Ташкентте Сидней Джаксонды еске алудың дәстүрлі жарысында Дычко Әзірбайжаннан келген боксшыны жеңген, ширек финалда нағыз айқасын бастады. Шындығыында, ол 2013 жылғы әлем чемпионатында өзін жеңген   Магомедрасул Меджидовты емес, Асеф  Асланлыны жеңді. Біздің сарбаздың басымдығына ешбір төреші де қарсы келе алмады, Иван 3:0 есебімен басып озды. Ертең жартылай финалда қазақстандық өзбек Баходыр Джалоловпен айқасатын болады.

Иван Дычко – Джаксон жарысының медаль аймағына шыққан,  Қазақстан ұлттық құрамасының жалғыз мүшесі. Алдында Ташкентте жарыстан  Закир Сафиуллин (60 кг), Алмасбек Орынғалиев (69 кг), Сапарбай Айдаров (75 кг) және Нұрдәулет Жарманов (81 кг) шығып кеткен.
 
Наверх