Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

«Алтынға» алты үміткер

17 Мамыр, 2014

 Хабаровскіде өткен Константин Коротковты еске алу жарысының финалына алты қазақстандық боксшы шықты. Бүгін Ташкентте ауыр салмақтағы Иван Дычко Сидней Джаксонның мемориалында жартылай финалда өнер көрсетеді. Ал кеше  Шкодер қаласында (Албания) біздің қазақстандық ұлттық құрама мүшелері қатысқан, «Влазианы еске алу» халықаралық жарысы басталды.  

Бүгін Хабаровскіде жартылай финалда Нұржан Бекзатов (91 кг жоғары) Азия чемпионатының қола жүлдегері Ирандық Делавари Ясемді 2:1 есебімен жеңіп, Коротков мемориалының финалына шығады.  
Осылайша, ертең Қазақстан құрамасынан бірінші орын үшін күш сынасатын Жомарт Ержан (49 кг) Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы Василий Егоровпен, Әділет Құрметов (52 кг) –  ҚХДР-дан Ли Чунг Лимен, Айдар Әмірзақов (64 кг) – ресейлік Виктор Миргородпен, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) – ирандық Арагидалг Яхангирмен, Дәурен Елеусінов (81 кг) – Еуропа чемпионы ресейлік Никита Ивановпен, Нұржан Бекзатов (91 кг-дан жоғары) – бізге таныс есем венгр Иштван Бернатпен кездеседі.
Бүгін жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдеге ие болғандар Ержан Ордабаев (56 кг), әзірбайжандық Турал Ахмедовке (0:3) жол берді. Сағадат Рахманқұлов (69 кг) та әзірбайжандық боксшы, Алматыда өткен әлем чемпионатының қатысушысы  Парвиз Багировтан 1:2 есебімен жеңілді. Антон Пинчук, тәжірибелі украйындық Сергей Радченкодан (1:2) жеңіліп қалды. Айтпақшы, бұл Антонның Коротковада қатар алған екіншісі «қола» жүлдесі.  
«Влазнианы еске алу» дәстүрлі жарысында құрама жаттықтырушысы Александр Стрельниковтың басшылығымен ұлттық құраманың тағы да бес мүшесі өнер көрсетеді, олар – әлем чемпионы  Біржан Жақыпов (49 кг), ҚРЧ-2013 қола жүлдегері Ерлан Тамемов (52 кг), ҚРЧ-2013 финалисті Жанболат Тілегенұлы (56 кг), ҚРЧ-2013 финалисті Алмасбек Шымбергенов (64 кг) және ҚРЧ-2013 қола жүлдегері  Алексей Севостьянов (91 кг-ге дейін).
Біздің боксшыларымыздың қатысуымен дебютті айқаста  Ерлан Тамемов екінші раундта албандық спортшы  Яго Ардитаны басымдықпен жеңсе, ал  Алмасбек Шымбергенов ұпай бойынша шаршы алаңның иесі Анхел Меркохасаничке 1:2 жол берді.
 
Наверх